Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазармада үстіне төсек құлаған сарбаз ауруханада ауыр жағдайда жатыр

Сау барып, сал болып қайтты! Әскерге барғанына екі-ақ ай болған жас сарбаз мүгедек болып қалуы мүмкін,-деп жазды КТК арнасы.

әскеррр

Қазармада үстіне төсек құлаған 19 жастағы  Бақберген Қаламыш бел омыртқасы сынып, хәл үстінде жатыр. Дәрігерлер оның аяққа тұрып кететініне ешқандай кепілдік бермей отыр. Ал Бахбергеннің әкесі тепсе темір үзетін сау ұлымды осындай жағдайға жеткізген командирлердің салғырттығы дейді.

Түтікшеден су ішіп, басын көтере алмай жатқан жас жігіт Бақтияр Қаламыш. Отан алдындағы борышын өтеу үшін Павладар облысынан әскерге шақыртылып, Отардағы 82 796 әскери бөлімінде қызмет еткен. Енді екі ай өтпей Алматыдағы ауруханада жатыр. Сөйлеуге де шамасы жоқ.

«Барлығы казарманың алдында болған. Ол жерде палатка тұрған. Темір нар төсекті балалар өзі құрған екен. Соған жатқанда менің балам астыңғы қатарда болған. Төсек тайып келіп белін басқан»,-дейді Бақбергеннің әкесі Қаламыш Жақсылықұлы.

Темір төсекпен бірге он шақты бала үстіне құлағанда Бақбергеннің бел омыртқасы сынып, жұлынына зақым келген. Қазір белден төмен жан жоқ. Дәрігерлер аяғына тұрып кетуі екі талай деп отыр. Ал әкесі бұған әскери бөлім басшыларын кінәлайды.

«Баламды күнін кешіктірмей тездетіп жақсы больницияға, керек болса шетелге апарып емдеп берсін. Сау бала бергенмін, баламды енді арқалап қайтқым келмейді. Материалдық маралдық шығындарды талап етем»,-дейді Бақбергеннің әкесі Қаламыш Жақсылықұлы.

Қамкөңіл әкенің ұлына массажист пен психологты да алдырта алмай жүргеніне екі апта болған. Бірақ әскерилер асығар емес.

«Бұл оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Соның нәтижесі бойынша нақты шаралар қолданылады. Бақбергеннен басқа ешкім зардап шекпеген. Қазір оған барлық көмек көрсетілуде. Тезірек жазылып кетуін күтеміз»,-дейді  «Оңтүстік» өңірлік әскери қолбасшылығы тәрбие бөлімінің бастығы Самат Түлепбаев.

Ал, Бақбергеннің әкесі қарап отырмақ емес. Әскери прокуратураға арыз жазып, борышын өтеуге кеткен ұлының қауіпсіздігіне жауаптылардың  қатаң жазалауын талап етпек.

Оқи отырыңыз:

Қанат Ислам тек әлсіз қарсыластармен жұдырықтасады деп өзін сынағандарға жауап берді

Әділбек Ниязымбетов: Ақша бізге оңай жолмен келсе, неге елдің бәрі Олимпиада чемпионы болып кетпейді

Қазақстанның үздік бапкерлері мен ойыншылары анықталды

Қазақстандық әртістер құрамасы футболдан әлем чемпионы атанды (фото, видео)

Талқылау