Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазан қаласында инкассатор 4 млн рубльді алып, із-түзсіз жоғалған

 Қазан қаласының полициясы түсімнен жиналған 4 млн рубльмен бірге хабар-ошарсыз кеткен инкассаторды іздестіріп жатыр.

ақша
Инкассатор 15 ақпанда сағат 16-ларда жоғалған. Жанындағы серіктесі оның 4 млн рубль ақшалай түсіммен бірге із-түзсіз жоғалғанын айтып, полицияға шағымданған.

Анықталғаны, инкассаторлар бағдарға сәйкес сауда орындарынан түсімді жинап жүрген. Олардың бірі көлікте қалып, екіншісі ақша алу үшін сауда орнына кіріп кеткен. Әріптесін біраз уақыт күткен ер адам полицияға ақша мен қызметкердің жоқ болып кеткенін айтып, жүгінген.

Қазіргі уақытта Татарстан ІІМ оны іздестіру бойынша арнайы шара жүргізуде, деп хабарлайды planet-today.ru.

Талқылау