Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров 70 жасқа толды

Бүгін қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер, ұшқыш,Кеңес Одағының Батыры Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров жетпіс жасқа толды.

216812c1405bde3cd17165aef7a0dfcd

Бұл туралы baq.kz хабарлайды.

Тоқтар Әубәкіров 1946 жылы 27 шілде күні Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданында дүниеге келген. Ресей Федерациясындағы Армавир жоғары әскери ұшқыштар училищесін (1969), Авиация институтын бітірген (1979).

f84c6c0b83bc91a2620de77278682989

Бүгін Тоқтар Оңғарбайұлы 70 жасқа толып, ел ақсақалы атанып отыр. Бір қызығы, соңынан ерген ізбасары, Айдын Айымбетов екеуі бір күнде туған екен. Бұл жай ғана сәйкестік емес шығар.

Өткен жылы Тоқтар ағамен кездескен кезде Айдын Айымбетов туралы сұраған едік. Сол кезде:

«Қазақстандықтар өздерін бақытты санайды. Көпшілікпен кездесу мұны жиі байқаймын. Неге десеңіздер, ғарышта ұшқан космановтардың ішінде Қазақстан тоғызыншы орын алады. Кейбір экономикасы дамыған алып елдердің өзі мұндай көрсеткішпен мақтана алмайды. Биыл, міне Айдын ініміз ғарышқа барып келіп, біздің санымызды көбейтті. Дәрежемізді өсірді», – дейді Халық қаһарманы Тоқтар Әубәкіров.

a69cbc504a5f5647fc24f32900f9ae16

Сонымен қатар Әубәкіров Айымбетов үшін қатты қуанғанын және ол үшін уайымдағанын да жасырмаған болатын.

«Мынандай тығыз уақытта екінші рет дайындалып, ғарышқа барып келгеніне қатты қуандым. Бірақ мен үлкен кісі болған соң, ішімнен біраз уайымдап жүрген едім. Қайтып келгенде сол адамгершілігі қалады ма? Әлде өзгеріп кетеді ме? деген уайым болды. Алайда айналайын інім өзгерген жоқ. Мінезі де қалыпты. Батыр болсаң, осындай Айдын сияқты болу керек деп айтқым келеді. Кейбіреулер атақ-дәрежені көтере алмай қалып жатады. Айдын ондайлардың қатарынан емес екен. Өзім қатты разы болдым», – дейді Халық қаһарманы Тоқтар Әубәкіров.

ff492f46b19980298f6ea30eff94749d

Тоқтар Әубәкіровтің өмірбаяны:

  • 1962 – 1965 жылы Теміртау құйма-механика зауытында токарь болды. Есімі облыстың Құрмет кітабына алтын әріппен жазылды (1964).
  • 1969 – 1975 жылы Кеңес Одағы Әскери-әуе күштерінің Қиыр шығыс әскери округінде ұшқыш, звено командирі,эскадрилья командирінің орынбасары.
  • 1975 – 1976 жылы Мәскеу ұшқыштар-сынақшылар мектебін, Мәскеу авиация институтын бітірген (1979).
  • 1976 – 1992 жылы Мәскеудегі А.Микоян атындағы Тәжірибелік конструкторлық бюроның ұшқыш-сынақшысы міндеттерін атқарды.
  • 1988 жылы Кеңес одағында тұңғыш рет әуеде ұшаққа 2 рет жанармай құйдыру арқылы солтүстік полюске ұшу сапарын ерлікпен орындады.
  • 1989 жылы бірінші болып, авиатасушы крейсердің алаңқайшасына «МиГ-29к» реактивті ұшағын үлкен шеберлікпен дәл қондырды. Сондай-ақ, ол реактивті ұшақтың 50-ден аса жаңа түрін сынақтан өткізді.
  • 1990 жылы ғарышкерлер құрамына алынды.
  • 1991 жылы 2 сәуірде Кеңес Одағы Ғарышкерлер даярлау орталығында ғарышқа ұшу дайындығына кірісіп, сол жылы 2 қазанда Байқоңырдан «Союз ТМ-13» кемесімен ғарышқа ұшты. Ғарыш кемесі жер төңірегіндегі «Мир» орбиталық кешенімен түйісті. Онда ол өзге ғарышкерлермен бірге биотехнология, металлургия, медицина салалары және Арал туған аймағы бойынша ғылыми-зертуған жұмыстарын жүргізді. Зерттеу нәтижесінде Арал үстіндегі тұзды шаң борамасының пайда болу процесі, сол зиянды аэрозолдардың Қазақстан мен Ресей аймақтарына таралуының ғарыштық суреттері алынды. Сондай-ақ, Қазақстан аумағындағы атмосфераны және жер бетін зерттеу, жұлдызды аспан астрофизика бақылау жұмыстары да ойдағыдай өтті. 1991 жылы 10 қазанда Жерге оралды. Ғарыштан оралған соң Қазақстандағы ғарыштық даярлығын зерттеулердің негізін қалауға, отандық Қарулы Күштердің әскери даярлығын жетілдіруге, әскери-патриоттық тәрбие жұмыстарын жолға қоюға белсене араласты.
  • 1992 – 1993 жылы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 1-орынбасары
  • 1993 – 1994 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық аэроғарыштық агенттігінің бас директоры – Ғылым және жаңа технология министрінің орынбасары
  • 1994 – 95 жылы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің депутаты – Қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы болды.
  • 1996 жылдан Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі.
  • 2001 жылы №44 Қызылорда сайлау округі бойынша Қазақстан РеспубликасыПарламентінің мәжілісіне депутат болып сайланды. Қызылорда қаласының құрметті азаматы.
  • Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 12 шақырылым депутаты, ҚР Жоғарғы Кеңесінің 13 шақырым депутаты, Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің 3-ші шақырылымының депутаты болды.
Талқылау