Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақтың той киімі әлемнің ең әдемі киімдерінің үздік ондығына кірді

Қазақтың дәстүрлі ұлттық киімдері үздік ондықтың арасынан бесінші орынға табан тіреді.

45885615

Фото: rusvesta.ru

Қазақтың ұлттық киімдері Филиппин, Гора аймағы, Қытай, Трансильвания, Шотландия, Моңғолия, Жапонияны артта қалдырған.

Құрамына шапан және сәукеле кіретін, ежелден той киімінің бір бөлшегі саналған қыз жасауының құны да азға бағаланбаған. Қыздың отбасы қаншалықты бай болған сайын, соншалықты әсемдеген. Бас киімі қыз тұрмысқа шығардан бір жыл бұрын әдейілеп тігілген.

Төртінші орында Гана елінің киімі жайғасқан. Үштікті украиналық Карпаттың этникалық костюмі қорытындылап тұр. Ал екінші орынды Нигерия елі еншілепті. Қалыңдықтың әсемделуі мен киімінің күрделілігіне байланысты бірінші орынды Үнді киімі иеленген. Рейтингті Boredpanda.com порталы құрастырып шыққан.

Талқылау