Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақтың телехикаяларында бой көрсеткен ең сымбатты әрі сұлу 10 актрисасы

Табысты, өзіне барынша сенімді, сексуалды арулар жігіт қауымының тынысын тарылтып, жүрегін жылдам соғуға мәжбүрлесе, қыз қауымы оларға қызғанышпен қарайды. Олардың мінсіз келбеті тек табиғатынын берілді десек, жаңылғанымыз болар. Өйткені бұл арулар сымбатына ерекше көңіл бөліп, арнайы мамандармен спорт залында жаттығады. Кейде тіпті қатаң диета ұстауға мәжбүр болады.

000

Stan.kz отандық телехикаяларда бой көрсеткен қазақтың ең сексуалды 10 актрисасын ұсынады.

1

Бибігүл Сүйіншалина

Актриса өзінің мансап жолын небәрі 8 жасында бастаған. Алғаш “Жұлдызым” атты бейнебаянға түскен. Осы уақытқа дейін өзі басты рөлді сомдайтын он шақты фильмге түсіп үлгерді. Отандық “Астана – махаббатым менің” телехикаясына да түскен.

2

Гүлназ Жоланова

Ару Маңғыстау аймағының тумасы. Халыққа “Қазақ аруы-2014” байқауының жеңімпазы ретінде таныс. Экономикалық лицейді тәмамдап, Қазақ ұлттық университетінде “география, менеджмент және туризм” мамандығы бойынша білім алған. Сұлу бойжеткен салт-дәстүрлерді берік ұстанып, тарихы мен тілін еркше қадірлейді. “Махаббатым жүрегімде” телехикаясында басты рөлдердің бірін сомдаған. “Күнтізбе” сынды бағдарламаның жүргізушісі де болған.

0000000

Жанар Дұғалова

Өнерімен түркі жұртын тәнті еткен әнші сахнада 5 жасынан бастап ән айтып келеді. 14 жасында “Жас Қанат” байқауының жеңімпазы атанған. Т.Жүргенов атындағы академияда “актерлік шеберлік” мамандығы бойынша білім алған. “Ғашық жүрек – 2”, “Астана – менің махаббатым”, “Махаббатым жүрегімде” сынды телехикаяларға түсіп үлгерген.

1

Қарлығаш Мұхамеджанова

Опера әншісі Нұржамал Үсенбаева мен әйгілі композитор Төлеген Мұхамеджановтың қызы.  Екінші жоғарғы білім мен тәжірибені АҚШ-та алған. 2009 жылы “Лавэ” атты фильмге түскен бойжеткен аталған фильмнен соң “Астана – менің жүрегімде” атты телехикаяда бой көрсетеді.

auOyENeTSr8

Жания Джуринская

Көпшілікке “Вузеры” телехикаясы арқылы танылып үлгерген актриса Байқоңыр ауылының тумасы. Жастайынан үлкен қалада өмір сүруді армандап, мектепті тәмамдаған соң Алматы қаласына оқуға тапсырады. Үлкен қалада жолы болып, Баян Есентаевадан “Shine” тобына шақырту алады. Келісім-шарттың күші біткен соң Жания үлкен сахнаға қайтып оралмай, өзін тек актерлік қырынан танытумен болады. “Болашақ”, “Ғашық жүрек”, “Маржан”, “Вузеры”, “Айсұлу”, “Сандуғаш” сынды телехикаяларда ойнаған. Мұнымен қатар, Қайрат Нұртастың “Өкініш” атты фильміне түскен.

айсулу 0

Айсұлу Әзімбаева

Актриса Алматы қаласының тумасы. 2004 жылы Дубайдағы “Америкалық Университеттің” “қаржы” мамандығына түскен. 2010 жылы “Әсел және оның достары” атты телехикаяда басты рөлдердің бірін сомдайды. “Қара аққу” фильміне пародия ретінде түсірілген қысқаметражды фильмге түскен. Бұдан өзге “Ұстаз”, “Үй сарбаздары” атты ситкомдарда басты рөлдердің бірін сомдаған.

00

Динара Бақтыбаева

Жүзі сұлу актриса Жаңаөзенде дүниеге келіп, артынша отбасымен бірге Атырау қаласына көшіп келген. Динара мектептен кейін алматыдағы ЖОО-лардың біріне тапсырған. 2013 жылы “Қыз бен жігіт” фильміне түсіп, көпшілікке актриса ретінде танылады. Бұдан өзге, 2014 жылы жарық көрген “Нархоз” атты ситкомға шақырту алып, басты рөлдердің бірінен көрінеді.

0

Саягүл Оразғалиева

Сая 2010-2012 жылдары “Shine” тобының вокалисі болған. Оның ең алғашқы жобасы – “Жаным” атты телехикая. Аталған телехикаяда жалғызбасты ананың рөлін сомдайды. «ВУЗеры” телехикаясынан кейін ғана танымалдылыққа қол жеткізеді. Актриса бар уақытын баласы Радмирмен өткізуге тырысады. Дәл қазір баласын жалғыз өзі тәрбиелеуде.

аружан 1

Аружан Жазылбекова

Аружанның кәсіби мамандығы журналист болса да, көптеген фильмдерге шақырту алып, басты рөлдерді сомдап жүр. 2010 жылы режиссер Тоқтар Қарсақбаев “Махаббат әткеншегі” атты киноға басты рөлді ойнауға шақырады. Бұдан кейін жастарға арналған “Әсел және оның достары” атты телехикаяда басты рөлді сомдап, Егор Кончаловскийдің “Астана – менің жүрегім” атты киноальманахында бой көрсетеді. 2012 жылы “Санжар мен Қайсар”, “Нұркеновтар отбасы” атты телехикаяларға түскен.

асем 0

Әсем Жакетаева

Қазақстандықтар бұл аруды алғаш “Superstar. kz” жобасынан көрген болатын. Сол кездің өзінде көрерменнің көзайымына айналып үлгерген. Алайда аталған жобадан кейін араға бес жыл үзіліс салып, Айлан атты есіммен сахнаға қайта оралады. Әйгілі “Вузеры” телехикаясында басты рөлдердің бірін сомдады.

Суреттер: жұлдыздардың әлеуметтік желілердегі парақшасынан алынды
Талқылау