Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Қазақтың Мессиі» ресейлік клуб үшін өткізген алғашқы ойынында гол соқты

 17 жасар қазақстандық шабуылшы Еркебұлан Сейдахмет Кипрде өткен «Уфа» тобының оқу-жаттығу жиынында бірінші матчта-ақ голдың авторы атанды деп Vesti.kz-сайтына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Бұл кездесу Кипрдің Ларнаки қаласынан шыққан «Алки» тобымен өткен болатын. Сейдахмет бірінші таймның соңында есепті 3:0-ге жеткізіп көзге ерекше түсті. Өзінің ресейлік топтағы алғашқы ойынында Еркебұлан 10 деген нөмірмен шықты. Ойын 7:0 есебімен аяқталды.

Кипрдегі «Уфа» тобының оқу-жаттығу жиыны 14 қаңтарда басталған болатын. Ал, Еркебұлан Сейдахмет ресейлік топқа үш күн өткен соң келіп қосылды. «Уфа» клубының бірінші дайындық кезеңі 12 күнге созылады. Жиын соңында клуб «Алкиден» бөлек, польшалық «Висла» тобымен шешуші матч өткізбек. Матч 25 қаңтарда болып өтеді.

Еске сала кетер жәйт, Сейдахметтің уфалық клубқа өтетіні туралы ақпарат 5 қаңтарда тараған болатын. Бұл туралы алғаш болып комментатор Нобель Арустамян жариялады. Кейінірек ойыншы «Уфаның» Инстаграм желісіндегі парақшасына жазылып, өзінің жақын арадағы ауысуын осылайша тұспалдады. Қазір қазақстандық футболшы 17 жаста, ал 4-ақпан күні кәмілеттік жасқа толады екен. Сол кезде ғана ол клубпен келісімшартқа отыра алады. 2017 жылы Сейдахмет үлкендерге арналған футболда алғаш рет ойын көрсеткен еді. Қазақстандық премьер-лигада «Тараз» тобы үшін 15 матч өткізіп, соның ішінде бір гол салды және бір нәтижелі доп шығарып берген. БАҚ өкілдері Еркебұланның шебер ойындарын көріп оны «қазақтың Мессиі» деп атап кеткен. Ал, «Уфа» клубының бас директоры Шамиль Газиев Еркебұлан Сейдахметтің талантын ерекше атап өтті. «Уфада» қандасымызды «Лео» деп атайтын көрінеді.


Головкин ұлымен бірге хоккейге барды

Ислам Бозбаев Тунистегі Гран-При турнирінде алтын жүлдеге ие болды (видео)

Шаңғышы Алексей Полторанин әлем кубогы кезеңінде жеңімпаз атанды

Талқылау