Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақ қызының есімі Ресейдегі үздік басшыларының қатарында

Алматы тумасы Гүлжан Молдажанованың есімі “Forbes” журналының “Ресейдегі ең қымбат 25 компания” рейтингісіне кірген, – деп хабарлайды STAN.KZ.

1341567

«Базалық элемент» компаниясының  бас директоры Гүлжан Молдажанова 17-ші орында.  Ол 6 млн. доллар табыс жинаған.

Гүлжан Молдажанова 1966 жылы 11 маусымда Алматыда туған. 1989 жылы Қазақ мемлекеттік университетін үздік бітірген. Содан соң  Мәскеудегі аспирантурада білім алу үшін Қазақстаннан кеткен. 27 жасында ғылым кандидаты атанды. Ал 1994-1995 жылдары ММУ-де ғылыми жұмыспен айналысты.

Еңбек жолы 1995 жылы«Алюминпродукт» компаниясында хатшылықтан басталған. 1995-1999 – «Сібір алюминийдің» есепшісі, қаржылық менеджер, коммерциялық директор; 2000-2004 – «Русал» компаниясының сату және маркетинг бойынша директоры, стратегия және бірлескен даму бойынша директор; 2004-2005 – алюминий бизнесі бойынша басқарушы директор, «Базалық элемент» компаниясы бас директорының бірінші орынбасары; 2005-2009 – «Базалық элемент» компаниясының  бас директоры; 2009-2011 – «ЕСН» тобының бас директоры; 2012 жылдан бастап – «Базалық элемент» компаниясының  бас директоры.

 

Талқылау