Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақтың көрнекті ақыны Тоқаш Бердияров туралы “Көке” атты жинақ жарық көрді

Қазақтың көрнекті ақыны Тоқаш Бердияровтың шығармашылығы мен ғұмырбаяны турасындағы “Көке” атты естеліктер мен арнау өлеңдер жинағы жарық көрді. Кітаптың тұсаукесеріне қаламгерді “Көке” деп атап, әдебиетте ізін басқан бауырлары жиналды.

Безымянный

Сурет egemen.kz

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Жинақты ақын Болат Шарақымбай құрастырып шығарған. “Көке” кітабына М.Әуезов, М.Мақатаев бастаған бірнеше авторлардың естеліктері мен зерттеулері енген. Тұсаукесерге келген ақын-жазушылар қаламгер туралы қызықты жағдайлармен бөлісіп, кеңестік кезеңде қағажу көріп, халық арасында насихатталмағанын айтты. Ал Аманхан Әлім: «Тоқаш Бердияровтың ақындығын қадірлейтін ел азаматтық болмысын мүлде біле бермейді», – дейді.

“Өзін-өзі ұстауы қатал, қатқыл көрінгенмен өте мейірімді адам еді. Мысалы, Ұшқын деген ауылдан аудан орталығы Абайға қарата өзінің ақшасына асфальт салдырған. Азаматтығы. Оны көп адам біле бермейді”, – дейді ақын Аманхан Әлім.

Талқылау