Қазақтың киіз үйі бес жұлдызды қонақүйге айналды
Қытай қазақтарының қолынан шыққан киіз үй көпшілікті таң қалдырды. Киіз үйдің ерекшелігі – ол заманауи үлгідегі бес жұлдызды қонақүй үллгісінде жасалған.
Арба үстіне қондырылған төрт дөңгелекті киіз үйді әр маусым сайын жығып, қайта құрып жатпайды. Құрылған қалпы көшіріп жүруге арналған сыңайлы. Киіз үйдің сырты ғана емес, іші де заманға, әрі ұлттық дәстүрімізге сай жиһаздармен жабдықталған. Көпшіліктің қызығушылығын тудырған киіз үй әлеуметтік желілерде кең таралып жатыр.
Талқылау