Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақтың гаухар тасы: Димаш тыңдармандарын тәнті етті (видео)

Бұл күнді Димаш ұзақ күтті, жылдар бойы армандады. Мінеки, әлем таныған Димаш небәрі 23 жасында бүтін аренаны жинап, алғашқы жеке ән кешін берді. Димаш Құдайбергеннің алғашқы жеке концерті табысты өтті.

poyavilos-video-vystupleniya-dimasha-kudajbergenova-na-8-etape-konkursa-33329-1

Димаш тыңдармандарын жанды даусымен таңғалдырып қана қоймай, ерекше шоу жасады. Мұндай деңгейдегі концерт Қазақстанда бұрын-соңды болған емес. Концертті ойдағыдай өткізу үшін ол күн-түн демей жұмыс істеді. Тәулігіне 3-4 сағаттан ұйықтап, көп еңбектенді.

Ал “Астана-Арена” алаңына жиналған 30 мың халықтың 40%-ы шетелдіктер болды. Сахнадағы түрлі эффектілерді көрген олар таң-тамаша болды.

димаш бастау дедім

Димаш өзінің репертуарындағы патриоттық әндерін орындады. Туған елге арналған әнін айтқан кезде экраннан қазақ елінің символына айналған бүркіттің бейнесі көрінді.

lbvfi ,fcnfe rshfy

Ал Димаштың сахналық образы бұл көріністі тіптен ажарландыра түсті.

димаши бастау 2806

Одан өзге, Димаш Singer жобасы барысында орындаған шетелдік әндерін көрерменге паш етті. Сол сияқты Қытайда жоба барысында киген сахналық костюмдерін өз елінің сахнасында киді.

димаш кудайберген 280617 -5

Концертті өз көзімен көрмесе де, желідегілер елімізде бұрын-соңды болмаған шоудан алған әсерлерімен бөлісуде.

кудайбергеннін димашы бастау

“Димаш – ол күш, ол ғарыш, қазақтың гауһар тасы. Оның даусы жүрегімді елжіретіп жіберді. Жан тебіреніп, өзіме күш-қуат алдым”, – деп жазады тыңдарманының бірі желіде.

Тағы да оқыңыз:

Димаш сахнада ұшып жүріп ән айтты (видео)

Димаш Астанада болып жатқан жанды дауыстағы концертінде жиналғандарға жан сырын ашты

Димашқа концерті кезінде тарай бастаған тыңдармандарын тыныштандыруға тура келді (видео)

Талқылау