Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақтың ғарышкер қаһармандары туралы не білеміз

Ғарыштың түпсіз терең сырлары қашанда адамзат баласын еліктіреді. Ал осы құпия сырлардың бәрін ашу мүмкін бе? Қайдам… Дегенмен халқымыздың аспандағы жұлдыздарға деген құмарлығы ешқашан толастамайды деп сенеміз.

Ғарышкерлер күні Sputnik Қазақстан агенттігі тарихқа шолу жасап, қазақстандықтардың аспан әлеміне жасаған саяхатын назарларыңызға ұсынады.

Бұл жандардың бағы жанып, жұлдыздарға жақындай түсті, ал олардың есімдерін әрбір қазақстандық жатқа біледі. Ғарышкер-қаһармандар Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев, Айдын Айымбетов суреттерде әскери тәртіпке сай салмақты көрінгенімен, келбеттерінен жастық жалын да байқалады. Оларды алда ғарыштық асулар күтіп тұр…

1973628
Алғашқы қазақ ғарышкерін ұшыру туралы келісім 1990 жылы жасалған еді, ал 1991 жылы қазанда Тоқтар Әубәкіров ғарышқа аттанатын болды. Суретте: бірлескен кеңестік-австриялық экипаж мүшелері (солдан оңға қарай): австриялық ғарышкер зерттеуші Франц Фибер, экипаж командирі, КСРО ұшқыш-ғарышкері Александр Волков, қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров, 1991 жыл

1973709Ұшқыш-сынаушы Тоқтар Әубәкіров 50-ден астам ұшақ түрлерін меңгеріп, “Тбилиси” крейсерінің палубасынан МиГ-29 жойғышын ұшырып, қайта қондырған алғашқы КСРО азаматы болды. Кейінірек оған Кеңес Одағының Батыры атағы берілген.

1973535
Ғарышқа сапар Әубәкіров үшін жаңа сынақ болды, ғарышта болған уақыт ұзақтығы – жеті күн 22 сағат 13 минут. Суретте: “Союз ТМ-13” ғарыш кемесін ұшырар алдында, Байқоңыр ғарыш айлағы, 1991 жыл

1975870
Тоқтар Әубәкіровтің дублері Талғат Мұсабаев болды, ол да бірнеше жылдан соң алғаш рет ғарышқа сапарға аттанды. Суретте: ғарышкерлер әріптестеріне ақ жол тілеп, шығарып салуда, 1991 жыл 2 қазан

1975812
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Австрияның федералдық канцлері Франц Враницкий Байқоңыр ғарыш айлағында “Союз ТМ-13” ғарыш кемесін шығарып салуда, 1991 жыл

1976011
Байқоңыр ғарыш айлағындағы атақты “Гагарин старты”

“Союз ТМ-19” ғарыш кемесі экипажын қонақ үйден “Байқоңыр” ғарыш айлағына шығарып салу. Суретте: бортинженер Талғат Мұсабаев пен командир Юрий Маленченко, 1 шілде 1994 жыл. Орбитадан қайта оралғаннан соң екеуіне де “Халық қаһарманы” атағы берілді.

1974830
Мұсабаевтың алғашқы ғарыш сапарының ұзақтығы 125 күн 22 сағат 53 минут болды. Суретте: Ульф Мербольд, Юрий Маленченко,Талғат Мұсабаев.

1974371
Киіз үй маңына ақ дастархан жайып ғарышкерлерді шығарып салды. Суретте: ғарышкерлер Александр Викторенко, Елена Кондакова және “Союз ТМ-19” ғарыш кемесі экипажы: Юрий Маленченко мен Талғат Мұсабаев, 1 шілде 1994 жыл.

1124140
Мұсабаев кейінірек еске алғандай, алғаш рет ғарышқа ұшуы мәңгі есте қаларлықтай болған. Нұрсұлтан Назарбаев ғарышкерлерді қарсы алып, құттықтауда, 1994 жыл.

1975080
Үшінші қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетов ғарышқа ұшуға 2001 жылдан бері дайындалды, 2008 жылы ғана оның кандидатурасы бекітілді. Алайда қаржыландыру проблемасына байланысты сапар кейінге қалдырылған. Дегенмен қанша жылғы еңбек пен дайындық текке кетпей, 2015 жылы аспан әлеміне саяхат басталып кетті. Суретте ғарышкер Айдын Айымбетов ғарыш кемесін тексеруде, 2015 жыл.

1975210
Айдын Айымбетовтың орбитадағы тәжірибелерінің бірі – “Дастархан-6”. Ғарышкер әріптестеріне құрт, тіпті бие сүтін берген. Дәрумендерге бай тағамдар ғарышкерлердің көңілінен шығыпты.

Тағы да оқыңыз:

Джеки Чан туралы қызық деректер топтамасы (фото)

Эфиопия тайпасының ерлері ең семіз деп атану үшін 6 ай сиырдың қанын ішеді (фото)

Талқылау