Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақтың әйгілі айтыскер ақыны Біржан салдың өмірбаяны

Stan.kz ақпараттық агенттігі қазақ әдебиеті мен мәдениетіндегі аса ірі тұлғаның бірі, қазақ халқының әйгілі айтыскер ақыны, әнші, сазгер Біржан Қожағұлұлының өмірбаянын ұсынады.

Қазақтың әйгілі айтыскер ақыны Біржан салдың өмірбаяны

Біржан сал 1831 жылы Ақмола облысының Еңбекшілдер ауданында, Қожағұл ауылында дүниеге келді. Ол ерте балалық шағын атасы Қожағұлдың қолында өткізді, тегінің солай аталуы да осы себептен. Біржан – Қожағұлдың немересі, өз әкесінің есімі Тұрлыбай. Әжесі немересін қатты жақсы көрді. Сосын Қожағұл өз немересін асырап алып, Біржан кішкентайынан ата-әжесінің қолында тәрбиеленеді.

Әдетте қазақтардың тегі әкесінің атымен аталса, бірақ Біржан Тұрлыбайұлы емес, Қожағұлұлы болды. Тұрлыбай кедей өмір сүрді, ал Қожағұлдың қолында бала ешқандай қиыншылық көрмеді. Сонымен қатар, атасы Қожағұлдың арқасында ән өнерімен еркін айналыса алды. Біржан кейінірек кедей болды. Деректерге сүйенсек, оны мұқтаж жандарға қамқорлық көрсетуіне байланысты «жомарт кедей» деп атаған.

Біржан есейген шағында өз әкесінің қолына барды. Тұрлыбай тек кедей ғана емес, сонымен бірге қатал, шектеу қойғыш адам болды. Ол ұлының қызығушылығын түсінбеді.

Біржан ерте жастан әнші ретінде қалыптасты. Және ол өнері арқылы көп табыс тапқан деп пайымдалады. Дегенмен, тойымсыз Тұрлыбайға бәрі аз болды. Ол ұлының мал бағумен айналысқанын қалап, оған жұмысшы ретінде қарады, үйден шығарғысы келмеді. Содан Біржан әкесімен қарым-қатынасын бұзып алмау үшін біраз уақыт ауылда отыруға мәжбүр болды. Бірақ, үй адамының жабырқаңқы өмірі жас әнші үшін адам төзгісіз болды. Сөйтіп, ол көп ұзамай жолға шықты.

Жас кезінен ән айтуды жақсы көрген жас Біржан көп ұзамай әдемі дауыс пен керемет суырып салма өнерінің арқасында әр ауыл мен әр киіз үйдің құрметті қонағы болды.
Әсем дауыс иесі Біржанның даңқы бүкіл Қазақстанға тарады және бұл атақ оның одан арғы өмір жолын анықтады. Біржан ауқатты отбасынан шыққан, бірақ туыстарының талабына қарамастан, ол өзі үшін тыныш және тағдырын өзгерткен жолды таңдады. Сол заманда ақындар ауыл ауылға саяхаттап, өз туындыларын жеке немесе бірнешеуі бірігіп отындап, халықтың көңіл-күйін көтеретін.

1865 жылдың жазында Омбы губернаторы Көкшетауға келді. Құрметті қонақтың келуі, әрине, көп адамды қызықтырды. Үлкен Көкшетау ауданының барлық бұрыш-бұрыштарынан ақындар мен музыкашылар, балуандар, шабандоздар және жай ғана қызық көргісі келген түрлі адамдар жиналды.

Осы мерекеде Біржан қорлық пен күйініштің не екенін білуге мәжбүр болды. Қоғамдағы әділетсіздікті көріп, әбден ызаланған Біржан «Жанбота» әні арқылы өркөкірек және ашкөз билеушілерге қаһарын, ренішін жеткізеді.

Сол жылы омбылық губернатордың көзіне түсу үшін бірінші кезекте болыс-билер барын салды. Ал Көкшетау етегіндегі болыстардың ең көрнектілері Қарпықтың ұрпағы Жанбота мен Қоңырқожаның баласы Азнабай.

Азнабай Жанботадан абыройын асырғысы келген болыс. Ол да басқа болыстар секілді киіз үй тігіп, қонақ күту арқылы абыройын асқақтатқысы келді. Оның жанында Жанботадан асып түсу үшін барын жасайтын жігіттер еріп жүрді.

Бір уақытта Жанбота тіккен киіз үйдің бірінен әлдебіреудің шырқаған дауысы естілді. Бәрі сонда жиналып, әншінің әсем дауысына құлап түріп, сүйсініп тыңдады. Халқын әнімен баурап алған ол әнші атақты Біржан сал еді. Оның дауысы бәрін сүйсіндірді. Әншінің шырқаған әнін сол кезде өз киіз үйінде отырған Жанбота да тыңдады. Тіпті, Азнабайдың жігіттері де Жанботаның киіз үйлеріне жақындап, олар да әншінің әніне сүйсіне құлақ түрді. Бірақ, бұл ашкөз Азнабайды қатты ызаландырды.

Ол әсіресе әншінің өзінің үйінде емес, жек көретін күндесінің киіз үйінде тоқтағанына ашуланды. Сонда Азнабай барлық жігіттерін сол жақтан қуып әкелу үшін хабаршысы поштабайды жіберді. Бірақ байдың қамшысы ән алдында әлсіз болды. Іші тар Азнабай қайтадан хабаршыны шақыртып, Біржанды өз киіз үйінде ән шырқатқысы келетінін айтып, әншіге атшабар жіберді.

Сондай-ақ, ол егер бұйрығы орындалмаған жағдайда оны жазалауды бұйырды. Содан Поштабай Біржанға Азнабайдың қалауын жеткізбекші болып Жанботаның киіз үйіне барады. Әншіге келу себебін айтып еді, бірақ Біржан ән салуын тоқтатпады. Сонда дөрекі поштабай Біржанның домбырасын тартып алмақшы болады, бірақ әнші де балуан болғандықтан домбырасын бермеді. Ал оған ашуланған поштабай қолындағы қамшысымен Біржанды салып келіп жібереді. Осылайша мұның соңы үлкен төбелеске ұласып, жиналған жұрт Азнабайдың шабарманын үйден қуып шығады. Алайда, қамшы астында қалған Біржан қатты намыстанып, өзін сонда шақырған болысқа арнап, жан айқайы «Жанбота» әнін шырқайды. Бұл әнде әнші намысын қорғамаған Жанботаны сөгеді.

Бірақ бұл шақырудан кейін Жанбота «қарға қарғаның көзін шұқымайды» қағидасы бойынша Біржанның намысын қорғау үшін ешқандай шара қолданбады. Содан кейін Біржан әлемде ешқандай әділеттілік жоқ екенін сипаттайтын, әр адам біреуді білімі мен таланты үшін құрметтеуі тиіс екені айтылған «Адасқақ» «әнін шығарады.

Қазақ даласының барлық бұрышын аралаған Біржан барлық жерден ақындық шабытының қайнар көзін тапты. Бірде Ақтентек байдың ауылына барып, қызы Ажарды көріп, оған «Тентек» деген лирикалық ән арнады. Сол сияқты тағы бірде «Жаймашуақ» әні туды. Ал Айтбай қызбен кездесуі оның ең жақсы әндерінің бірінің өмірге келуіне себеп болды.

«Айтбай» әншінің шабыттанған және поэтикалық сипатын ашатын ән. Бұл қыздың жоғары ерекшеліктерінің музыкалық сипаттамасын және туған жеріне деген сүйіспеншіліктің өзіндік ерекшеліктерін айқындайтын туынды. Мұнда поззия мен сұлулыққа толы даланың шексіздігі сезіледі.

Есейген шақта Біржан Жетісудың танымал әнші және ақыны Сарамен кездесті. Олардың поэтикалық және ән байқауы Ешкіөлместе өтті. Бізге жеткен атақты «Біржан мен Сара айтысы» өлеңін Сараның өзі құрастырған. Қазір бұл айтыстың қалай өткені және онда қандай әндер айтылғанын айту қиын. Бірақ Сара Біржанның керемет шебер әнші, суырып салма өнер иесі екенін ерекше атап өтті. Бұл жарыс әншінің даңқын одан әрі асқақтатты.

Әлеуметтік, азаматтық тақырып «Біржан-сал» өлеңдерінде айқын көрініс табады. Біржанның жалынды поэтикалық ерекшелігі «сал» деген ұғыммен біріктірілді, яғни «халық таңдаулысы» дегенді білдіреді. Сол себептен халық оны құрметтеп, оның есіміне теңеу ретінде «сал» сөзін қосып, Біржан сал деп атап кетті.

Азаматтық мотивтерді тереңдету Біржан мен Абай Құнанбаевтың 80-ші жылдардың екінші жартысында кездесуіне үлкен ықпал етті. Ұлы ақын, ағартушымен танысу Біржанның шығармашылығына оң әсерін тигізді. «Біржан-сал ақын» әні Абай әндерінің әсерінің мөрі болып табылады. Себебі, онда ақынның адами қадір-қасиеті, оның азаматтық борышы және кедейлердің қайғылы тағдыры туралы айтылады.

Абайдың поэзиясына таңданған Біржан оның өлеңдеріне ән шығарды. Біржан сонымен бірге ол белгілі қазақ әншісі Ақан серімен де кездесті. Біржан көптеген басқа да көрнекті халық өнерінің қайраткерлерімен кездесті. Сондай-ақ бірнеше рет айтысқа қатысты.

Біржан сал төрт әйел алған және 4 жұбайынан 11 ұлы болды. Бірінші әйелі Балқаштан – Ақыл, Алтынбек, Әділбек, Мақұлбек; екінші әйелі Ләйладан – Ахметжан, Ахметбек; үшінші әйелі Айтбайдан – Ахметқали, Айтжан, Айтмұхаммед; ал төртінші әйелі Әпіштен-Теміртас, Қалкен және Асыл және Ақық есімді екі қызы дүниеге келді.

Біржанның өмірінің соңғы жылдары күрделі сынақтарға толы болды. Кәрілікпен бірге кедейлік, аурулар мен жалғыздық келді. Біржан кедейлік пен кәрілікті сабырмен қабылдағанымен, бірақ жалғыздық пен түсініксіздік оған тым ауыр болды.

Бітеу қабырға оның жатырқап, тұйықталуына себеп болды. Соңғы жылдардағы әндерінде Біржан қайтып келмес жастық пен даңққа деген сағынышын жеткізуге тырысты. Мұның бәрі айналасындағы адамдар үшін әдеттен тыс жағдай болып көрінді, олар тіпті Біржанды психикалық ауру деп таныды. Ол соңғы үш жылын өз киіз үйінде байлауда өткізді және 1894 жылы ауыр азаптан қайтыс болды. Қайтыс болғанға дейін Біржан балаларына арнап «Асыл-Ақық» және «Теміртас» әндерін шығарды.

Үлкен әншінің еркіндікке толы бейнесі Мұқан Төлебаевтың Біржан мен Сара операсында көрініс алды. Төлебаевтың операсының арқасында ақын Біржан Қожағұлының драмалық тағдыры, зұлымдыққа, әділетсіздікке қарсы күрескен өмірі халық санасында мәңгі өмір сүреді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау