Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Өрімдей қызға күш көрсететіндей не болды": Қазақстандық жұлдыздар полицейлердің әрекетіне ашуланды

Бейбіт шеру туралы жұлдыздар өз пікірін білдіріп, полиция қызметкерлеріне наразылығын жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі.

митинг

Бейбіт шеруге шыққан қыз баланы бірнеше ер адам қолынан сүйреп алып бара жатқан сурет халықтың наразылығын тудырды. Бұл жайға өнер жұлдыздары да бей-жай қарай алмай, өз пікірін әлеуметтік желіде білдіруге тырысты.

Олардың қатарында Жеңіс Ысқақова бар. Бабаларымызды жер қылдық, бұл қылықтарың ұят деп ашуға булықты өнер иесі. Әкесіндей азаматтардың қыз балаға сес көрсетуін адамшылдықтан безу деп бағалады ол.

«Өрімдей қыз балаларға күш көрсететіндей не болды сонша? Осы қыздардың əкесіндей азаматсыздар. Бәрімізде қыз өсіріп отырмыз. Қыздарына қол көтермек түгілі, ауыр сөз айтпаған бабаларымызды жер қылдыңдар ғой», - деп жазды Ысқақова.

Ал Нұртас Адамбай құқық қорғау органдарының қызметкерлерін мысқылмен жаншып, батыр екенсіңдер десті.

«Бұл суретке «қазақтың ерлері батыр» деп ат қоялық», - деп ашуланды Нұртас Адамбай.

Ал қазақтың қызына осындай қиянат көрсетілгеніне сенбеген, монтаж деп үміттенген Қыдырәлі Болманов тіпті ашуға булыққан.

«Аты өшкір фашистермен соғыс біткеніне 74 жылдан асты. Тәуелсіздік алғанымызға 27 жыл. Өскен түріміз осындай ма? Өз азаматтарын қолын бұрап байлау үшін емес, қорғау үшін жалақы алмай ма? Жалпы полицияда азаматтар баршылық. Барлығына ұят келтіріп тұр бұл сурет. Өзінің қарындасындай ғана емес, қызындай, еш қауіп төндіре алмайтын, қазақтың қаршадай қызын үш бірдей майор, қазақтың үш бірдей азаматы жабыла сүйреген. Сене алмайсың, өтірік монтаж болып шықса екен деп тілейсің, үміттенесің. Бүкіл полицияға қарсы емеспіз! Азаматтық тұрғыда әңгіме! Қазақта ер адамның қыз баланың қолын қайыруы - қабылданбайтын жат дүние...» - деп жазды ол.

Комментариялар
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр