Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Қазақтелеком” АҚ және “Алма ТВ” желілерінде 4 ресейлік телеарна көрсетілмейтін болды

11 желтоқсаннан бастап “Қазақтелеком” АҚ және “АлмаТел Қазақстан” (Алма ТВ) желілерінде ресейлік «НТВ-Мир», «РТР-Планета», «Россия-24», «Россия-Культура» телеарналарының хабар таратуы тоқтатылады.

Себеп: Ресей компанияларының хабар тарату құнын қымбаттатуы.

2017 жылы қаңтарда көптеген ресейлік телеарналардың хабарын тарату  бағасы қымбаттаған.

2017 жылы ID TV және Алма ТВ желілері аталған телеарналардың рұқсатынсыз хабар таратты. Кейін, телеарна өкілдері заңсыз әрекетті тоқтатып, лицензия сатып алуларын және тариф бойынша ақы төлеулерін сұраған. Ал қазақстандық опреаторлар оларға не 2016 жылғы тариф бойынша төлейміз, немесе хабар таратуды тоқтатамыз деген талап қойды..

Бүкілресейлік мемлекеттік теле және радио хабар тарату компаниясы қазақстандық опреаторлар талаптарын заңды түрде қарастыратынын айтты.

Тағы оқыңыз:

Алматы облысында полиция мен туыстары 2 күн іздеген оқушы досының үйінде тығылып жатқан

Илья Ильин пәтер мен сыйақыны мемлекетке қайтарып беруге дайын

Бахтияр Артаев: Спортта жүрген бауырларымыздың арасында жат ағымдарға ілескендері көп

Талқылау