Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақтарға жеңіл болады: Назарбаев қытай тілін үйренуге кеңес берді

Астанада «Назарбаев зияткерлік мектептерінің» 10 жылдығына орай «Ұлы дала мұрагерлері» оқушылар мен педагогтардың форумы өтті. Форумға қатысқан мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарға қытай тілін үйренуге кеңес берді.

Қазақтарға жеңіл болады: Назарбаев қытай тілін үйренуге кеңес берді

Бұл туралы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Форум барысында елбасы оқушыларға шет тілдерін үйрену керектігі туралы айтты.

«Биылғы оқу жылынан бастап зияткерлік мектептерде оқушыларға өз таңдауы бойынша екінші шет тілін үйрену мүмкіндігі беріліп отыр. Жаһандану жағдайында шет тілдерін білу сән емес, өмірлік қажеттілікке айналды. Өзге тіл басқа ұлттардың мәдениеті мен менталитетін түсінуге жол ашады», — дейді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы қытай тілінің маңыздылығын атап өтіп, аспан асты елінің тілін үйренуге кеңес берді.

«Сендер кез келген тілді таңдай аласыңдар. Ең көп таралған тіл – ағылшын, екінші орында испан тілі саналады. Бірақ біз үшін қытай тілі өте маңызды, өйткені Қытаймен сауда көлеміміз үлкен, Ресеймен пара-пар», – дейді президент.

Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзінше,  Жапония мен Қытайда ағылшын тілі бизнес тілі болғанымен, бір жарым миллиард халық қытай тілінде сөйлейтіндіктен, бұл келешекте осы тілдің басым болатының дәлелі.

«Мен өз басым үйреніп көрген жоқпын, бірақ басқаларға қарағанда, қазақтарға жеңіл болады деп естідім», – дейді мемлекет басшысы.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау