Қазақ ортасында өскен орыс жігіті есімін Мақсат деп өзгертті (видео)
Қазақ арасында өскен орыс жігіті есімін өзгертті. Ол тіпті ислам дінін қабылдап, сүндетке отырған болып шықты.
Ғаламтор желісінде Михаилдің қазақша еркін сөйлеп отырған видеосы жарияланды.
“Атым – Мақсат, орысша есімім – Михаил. Ауылдық жерде өскем. Михаил десе ешкім танымайды. Қазақ арасында өсіп, қазақша білім алдым”, – дейді ол.
Ол мұсылмандық салтпен сүннетке отырғанын да айтады.
“Ислам дініне бе бұрып, сүннетке отырғам”, – дейді орыс жігіті. Ол әңгіме барысында бұл әрекетінің де себебін айтып берді.
Жіберіп алмаңыз:
Қазақ қызына деген махаббат африкалық жігітті қазақша сөйлетті (видео)
Талқылау