Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда ауа-райы қайтадан жылынады

Қазақстанда қатты суықтан соң күн қайтадан жылынады, – деп хабарлайды “Қазгидромет”.

 

погодапогода

 

Синоптиктер айтуынша, 24-26 қарашада Қазақстанда ауа райы түбегейлі өзгеріп, күн қайтадан жылынады.  Қазақстанның солтүстік бөлігінде ауа  температурасы көтеріледі. Алдағы үш күнде Атлантикадан ауысатын жылы ауа массаларының әсерінен республиканың барлық аумағында температура климаттық нормадан 3-10º жоғары болады.

Көптеген облыстарда ауа-райы бұлтты, кей жерлерде жауын-шашын, жаңбыр, жыбысқы қар, тұман және көктайғақ болады. Тек оңтүстікте және оңтүстік-шығыста Сібір антициклоны тау сілемдерінің әсерінен жауын-шашын күтілмейді, түнгі және таңғы уақытта тұман болады.

Талқылау