Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан журналистер одағының басшысы үй қамағына алынды

Алматы қаласы №2 Медеу аудандық соты сәрсенбіде бюджет қаражатын жымқырды және аса ірі көлемде салық төлеуден жалтарды деп айыпталып отырған Қазақстанның Журналистер одағының басшысы — Ұлттық баспасөз клубының президенті Сейітқазы Матаевты үй қамағына алу туралы шешім қабылдады.

11112673

Сурет ұлттық баспасөз клубы

Бұл туралы Қазақстан Жаңалықтары хабарлайды.

“Үй қамағына алу түріндегі бұлтартпау шарасын қабылдау туралы өтініш қанағаттандырылсын”, — деді қаулыны оқыған судья Анина Байдаулетова.

Осылайша, сот прокуратурамен құпталған тергеу тобының өтінішін қолдады. Қорғау тарабы кепіл ақы түріндегі бұлтартпау шарасын қабылдауды сұраған.

Бұрын хабарланғандай, Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюро департаменті  сот бюджет қаражатын жымқырды және аса ірі көлемде салық төлеуден жалтарды деген күдік бойынша 22 ақпанда ұстады. Департаменттің хабарламасына сәйкес, Матаевқа тағылған айып бойынша 6 жылдан 12 жылға дейін мүлкін тәркілей отырып, бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Талқылау