Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Қорғаныс министрі тағайындалды

Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Нұрлан Байұзақұлы Ермекбаев Қазақстан Республикасының қорғаныс министрі болып тағайындалды, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеп.

Қазақстанның жаңа Қорғаныс министрі тағайындалды

“Елбасының Жарлығымен Нұрлан Байұзақұлы Ермекбаев Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі болып тағайындалды”, – делінген Ақорданың Фейсбуктегі ресми парақшасында.

Қазақстан Республикасының жаңа Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Шымкент қаласының тумасы. Ол 1963 жылы 1 қаңтарда дүниеге келген.

Түрлі жылдары әртүрлі лауызымдарды атқарды. Соның ішінде 2003-2004 жылдары Қазақстан Республикасының Сингапурдағы уақытша сенімді өкілі, 2004-тен 2006 жылға дейін ҚР Президенті әкімшілігінің сыртқы саясат орталығының меңгеруші және 2006-2007 жылдары ҚР Президентінің кеңесшісі болып қызмет атқарды.

Ал, 2007-2010 жылдар аралығында ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары, 2010-2012 жылдары Елбасының көмекшісі болды.

Ермекбаев сонымен қатар, 2012 жылдан бастап 2014 жылға дейін Қазақстанның Қытайдағы елшісі болып қызмет етті.

2012-2013 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының Вьетнамдағы елшісі, 2012 жылдан бастап 2014 жылға дейін Корей Халықтық-Демократиялық Республикасының Қазақстандағы елшісі болып жұмыс істеді.

Сондай-ақ, 2014 жылдан 2016 жылға дейін президент көмекшісі, қауіпсіздік кеңесінің хатшысы болып жұмыс істеді.  Кейіннен, 2016 жылдың қыркүйек айында Мемлекет басшысының жарлығымен Ермекбаев Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрі болып тағайындалды.

Ол жерде екі жыл қызмет еткен министр 2018 жылдың сәуір айында Қазақстан Республикасы президентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасы қауіпсіздік кеңесінің хатшысы лауазымына келді.

Бүгінде ол 2016 жылдың қыркүйегінен бастап Қорғаныс министрлігінің басшысы болған Сәкен Жасұзақовтың орнына ҚР Қорғаныс министрі болып тағайындалды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

 

Талқылау