Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның Ұлттық Банкі базалық мөлшерлемені 17 пайызға дейін ұлғайтатын болды

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Ақша-кредит саясаты жөніндегі техникалық комитеттің 2016 жылғы 30 қаңтардағы шешімімен 2016 жылғы 2 ақпаннан бастап базалық мөлшерлемені 17% деңгейінде белгіледі және +/- 2 пайыз болатын пайыздық мөлшерлемелердің симметриялық дәлізімен тұрақты қолжеткізу операцияларын қайта жандандырады. нацбанк1

Өтімділікті беру жөніндегі тұрақты қолжеткізу операциялары бойынша мөлшерлеме 19%-ды және өтімділікті алу жөніндегі тұрақты қолжеткізу операциялары бойынша мөлшерлеме 15%-ды құрайды.

“Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әлемдік бағалар мен іргелі факторлар серпіні ескеріле отырып, шетел валютасына деген сұраныс пен ұсыныс негізінде қалыптасатын теңгенің еркін өзгермелі айырбастау бағамының режімін ұстануды жалғастырады”, – делінген баспасөз хабарламасында.

Талқылау