Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның туын қоқысқа тастаған аула сыпырушы бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Қостанайда мемлекеттік туды қоқысқа тастады деп жақын маңдағы жаттығу залының техникалық қызметкері күдікке ілінген.

701

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Заңды білмегендіктен мемлекеттік басты символын қоқысқа тастай салған әйел енді бас бостандығынан айырылады немесе миллиондаған айыппұл төлеуі мүмкін.

“Сұлтан” спорт кешенінің қызметкері тренажер залын тазалап жүріп, жерде жатқан туды тауып алады. Тудың бірнеше жерден бүлінгенін көрген ол, енді ештеңеге жарай қоймас деп басқа қоқыстармен бірге контейнерге әкеліп тастаған”, – деп хабарлады Қостанай полиция басқармасы басшысының орынбасары Нұрлан Арыстанов.

Әйел өз кінәсін мойындаған. Қазіргі таңда ту Қостанай әкімдігіне берілді. Заңға сәйкес, мемлекеттің басты белгісіне қарсы заң бұзғандарға қатысты шешімді арнайы комиссия шығарады.

Бұған дейін Қостанай облыстық ІІД баспасөз қызметі мұндай жағдайда 2000 АЕК (4 242 000 теңге) көлемінде айыппұл салынуы немесе екі жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін екені туралы хабарлаған еді.

Еске сала кетсек, мемлекеттік ту Қостанай қаласындағы Халыққа қызмет көрсету орталығы орналасқан ауладан табылған болатын.

Оқи отырыңыз:

Мұғалім медициналық университеттегі лекция кезінде тыр жалаңаш шешініп тастады (видео)

Ақтауда зорланған 6 жасар қыздың өмірі қыл үстінде тұр

Алматы облысында тұрғындар балабақшадағы былықты жайып салды

Тұрғындар отқа оранған Almaty Towers-тен қалай қашып шыққандарын айтып берді

Талқылау