Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде» екі айда ашылған депозиттердің келісілген сомасы 55 млрд теңгеден асты

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде” 2016 жылдың алғашқы екі айында ашылған депозиттердің келісілген сомасы 55 млрд. теңгеден асты.

ccc0f5382a77c06eceac118e0d8

Сурет kapital.kz

2016 жылдың қаңтар-ақпан айларының қорытындысы бойынша ҚТҚЖБ екінші деңгейдегі банктер арасында депозиттік портфельдің өсуі жөнінде көш бастап тұр. Ranking.kz мәліметіне сәйкес «Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» портфелінің өсімі 3,4 млрд. теңгені құрайды.

Банктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жылдың алғашқы екі айында 28 мыңнан аса ТҚЖ шарты жасалған.

«Біз «Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» депозиттерді тарту бойынша көш бастауының бірнеше себептері бар деп ойлаймыз. Біріншіден, жыл басында Банк мемлекеттің барлық өңірлерінде тұрғын үй құрылысына ынталандыратын өзіндік дағдарысқа қарсы бағдарламасын жасады. Екіншіден, Елбасының тікелей тапсырмасы бойынша әлеуметтік тұрғын үйлердің құрылысына қосымша 127 млрд. теңге, ҚТҚЖБ салымшыларына кредит беруге 22 млрд. теңге бөлінді. Үшіншіден, ұлттық валюта бағамына түзету жасалғаннан кейін 2015 жылдың 18 тамызына дейінгі депозиті бар салымшыларға 35,5% өтемақы төлеу тетігі дайындалды. Мұның барлығы қазақстандықтардың тұрғын үй құрылыс жинағы жүйесіне сенімін арттыра түсті», – деп басып айтты Банк баспасөз қызметі.

Ranking.kz талдаушыларының айтуынша, 2015 жылдың 4-тоқсанынан бастап мемлекеттегі теңгелік депозиттер 1,5 пайызға төмендеген, ол 21,5 млрд. теңгені құрайды. Қаңтар айында салымдарға кепілдік беру жүйесіне кіретін 33 екінші деңгейдегі банктердің 14-і ғана теңгелік депозиттердің өсуін көрсетті.

«Мемлекеттік сектор ұлттық валютадағы салымдардың өсуі үшін күресуде . 2016 жылдың ақпанында Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры жеке тұлғаларға арналған теңгедегі тартымды депозиттер бойынша ұсынбалы ең жоғары мөлшерлемені 4%-дан 14%-ға дейін көтерді. Коммерциялық екінші деңгейдегі банктердегі депозиттердің тартымдылығы өскеніне қарамастан, ҚТҚЖБ салымдарды тарту бойынша жайғасымы жоғары болып қала бермек», – деп жазады Ranking.kz.

1 наурыздағы ахуал бойынша «Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде» сомасы 300 млрд. теңгеден асатын 600 мыңнан аса салымдар шоғырланған.

Талқылау