Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірбаяны

Құрметті оқырмандар Stan.kz ақпараттық агенттігі тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірбаянын ұсынады.

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірбаяны

1940 жылы 6 шілдеде Іле Алатауындағы Үш қоңыр жайлауында Әлжан мен Әбіш Назарбаевтың отбасында көптен күткен бала дүниеге келді. Ол Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев еді.

Баланың атын таңдаудың өзі бір тарих. Қуанышқа жиналған туыстары балаға ат таңдауда түрлі есім ұсынды. Ақыры сәбидің әжесі Мырзабала: «Менің сүйікті немерем бір мезгілде Нұр және Сұлтан деген екі есімді арқалап жүрсін, оның есімі Нұрсұлтан болсын», – деп атын өзі қойған.
Барлық әжелер сияқты Мырзабала да немересінің жеке тұлға ретінде қалыптасуында ерекше рөл атқарды.

Ал Мырзабаланың ұлы, Нұрсұлтан Назарбаевтың әкесі Әбіш 1903 жылы Алатау тауының етегінде Назарбай бидің отбасында дүниеге келген. Әбіш Назарбаев көңілді, құрметті адам болды. Ол тек қазақ тілінде ғана емес, орыс, балқар тілдерінде де еркін сөйледі. Әбіш қазақ және орыс әндерін жанымен беріліп орындайтын. Әңгімелесушіні мұқият тыңдап, жақсы кеңес бере алды. Әбіш Назарбаев 1971 жылы қайтыс болды.

Назарбаевтың анасы Әлжан 1910 жылы Жамбыл облысы, Қордай ауданы Қасық ауылында молданың отбасында туған.

Әлжан әкесімен бірге Үшқоңырда келіп, онда Әбішті кездестіреді. Ол ән айтуда ауылда алдына жан салмаған. Ашық-жарқын мінезімен ерекшеленген Әлжан ұлын ересектерге құрмет пен ізет көрсетуге, ұлттық дәстүрлерге, әндер мен әдет-ғұрыптарды сүюге тәрбиеледі. Әлжан Назарбаева 1977 жылы қайтыс болды.

Отбасындағылар Нұрсұлтанды еркелетіп «Сұлтан» деп атаған. Болашақ президенттің балалық шағы қатал әрі күрделі әскери және соғыстан кейінгі жылдармен қатар өтті.

Бұл соғыстағы жеңіс миллиондаған адамның өмірінің құны мен үлкен мемлекеттің мықты күш-жігерінің арқасында келген. Жартылай жарымжан мемлекет енді-енді аяғынан көтеріліп, қайта қалпына келіп жатты. Соғыстан кейінгі жылдары бар ауырпалық қарапайым халықтың иығына түсті. Бұл ауыр, жартылай аш кезең болды. Бірақ Нұрсұлтан Әбішұлының есінде тек сол уақыттың ауыртпалығы мен сынағы ғана емес, сондай-ақ бала кезіндегі ыстық естеліктер, анасының аяулы алақаны мен әкесінің қамқорлығы да қалды. Тату отбасы, іні-қарындастары, ата-анасының жантебірентерлік әндері де есінде. Барлық құрдастарының балалық шағы секілді елбасының да балалық өмірі Алатаудың басында, қызықты ойын ойнаумен өтті.

Нұрсұлтан әкесінің ешқашан бос отырмайтынын көріп өсті. Сондықтан ол әкесіне үй шаруасында, бақша жұмыстарында, мал бағып, шөп шабуға да көмектесті. Бірде әкесі Әбіш үйіне Балқардан келген отбасын ертіп әкелді. Назарбаевтар отбасы оларды өз үйінде паналатып, жұмыс табуына көмектесті. Ал осы уақытта Әбіш Назарбаев балқарлармен достасып, олардың тілін тез үйреніп алды. Көпұлтты Шамалған трғындарының бәрі осылай басқа ұлт өкілдеріне қамқор болды. Барлық ұлттың балалары бірге ойнап, бірге өсті. Барлық қиыншылықтарға қарамастан, ұлдар мен қыздар білімнің сиқырлы әлеміне, қуанышты және жарқын болашаққа ұмтылды.

Бала Нұрсұлтан сабақты зейін қойып, қызығушылықпен оқыды. Тек сыныпта ғана емес, мектеп бойынша ең үздік оқушылардың бірі болды. Назарбаевтың кітап оқуға деген қызығушылығын білген туыстары келген сайын оған көбінің қолы жете бермейтін кітаптарды әкеп беретін. Нұрсұлтан Назарбаев оқуға бар жан-тәнімен кіріп кететін. Ол әсіресе, үлкендердің ежелгі аңыздар мен ата-бабалар туралы әңгімелерін тыңдағанды ұнатты.

Сонымен қатар, ол өзін ата-бабаларының мәдениеті мен әдет-ғұрпының мұрагері, жаңа көзқарастың, ғылыми-техникалық прогрестің жаңа серпінді кезеңінің адамы екенін сезінді, ол барлық адамдар үшін бұрын-соңды болмаған мүмкіндіктерді ашты. Дәстүрлі халықтық және жаңа индустриялы дүниетанымдар оның жанымен бірге өмір сүрді.

Нұрсұлтан Назарбаевтың балалық шағы мен жастық кезеңі қысқа болды. 18 жасқа толып, орта мектепті бітірерде Нұрсұлтан білімділігі мен кең ой-өрісімен құрдастарының ішінен ерекшеленіп тұрды. Тынбай еңбектену мен тұрақты спорт оны физикалық түрде мықты жасады. Әбден шымырларнған жас Нұрсұлтан өз қатарластарынан айтарлықтай үлкен көрінді.

Бірақ, шешімдер мен іс-әрекеттерді саналы түрде өзі қабылдауы және үнемі көшбасшылыққа ұмтылуы оны бәрінен ерекшелеп тұрды. Ол қатарластарымен таныса сала жақсы тіл табысып кететін. Сондай-ақ, әнді тамаша орындап, адамдарды өзіне тарта білетін және әзілдегенді жақсы көретін Назарбаев өз ортасының алды болды.

Осылайша, барлық жағынан жан-жақты болған жас жігіттің бойынан прагматизм қасиетті табылды. Теміртаудағы металлургиялық комбинаттың үлкен құрылыс алаңына комсомолдарды қабылдап жатқанын естіген Нұрсұлтан металлург болуды шешті.

Жас Назарбаев тезірек аяғынан тік тұрып, ата-анасына, туыстарына қаржылай көмек көрсетуді қалады. Өйткені, ол отбасының тұңғышы болғандықтан, бар жауапкершілік оның мойнына жүктелді.

Назарбаев ірі құрылыс алаңында жеке жетістіктерге жететінін, жаңа үлкен өмір басталатынын сезінді. Ол өз өмірін, болашақ тағдырын құруға бел байлады. Теміртауға келгенде ол болашақ металлург ретінде Украинаға, Днепродзержинск қаласындағы Днепр металлургиялық зауытына кәсіптік-техникалық училищеге оқуға жіберілді.

Онда Нұрсұлтан дене бітімі жақсы жетілген жас жігіттердің тобына іріктелді. Дегенмен, жас Назарбаев физикалық мықтылығын спортта, күрес алаңдарында дәлелдей алды. Ол осындай жекпе-жектердің бірінде өзімен бірге оқыған украиналық Николай Литошконы жеңіп, жауырынын жерге тигізген болатын. Бұл күрестің соңы кейінірек Қазақстанның болашақ президенті мен украиндық Литошконың берік достығына айналды. Нұрсұлтан Назарбаев Литошко отбасының құрметті қонағы болды.

Днепродзержинскідегі бір жарым жылдық оқу тез өтті. 1959 жылы Нұрсұлтан Назарбаев бүкілодақтық кәсіподақ орталық кеңесінің байқауын жеңіп алды. Осылайша, ол училищені бітірерде металлургтің күрделі ғылымын ғана емес, сонымен қатар күрестен Украинаның спорт шебері атанды.

Төзімділік мен табандылық оның таңдаған мамандығы бойынша барлық «академиялық пәндерді» жақсы меңгеруіне мүмкіндік берді. Сондай-ақ, жас Назарбаев біліктілік емтихандарын жақсы тапсырып, үздік дипломмен марапатталды.

Теміртауға оралғаннан кейін Назарбаевтың қызу еңбек жолы басталды. 1960 жылы 3 шілдеде Орталық Азия мен Қазақстанның барлық аумағында алғашқы домен пеші іске қосылды. Бұл күн Қарағанды металлургия зауыты үшін ерекше күн болды. Тәжірибелі мамандармен бірге жас металлург Назарбаев та алғашқы қазақстандық шойын балқытуына қатысты. Онда ол шойын құю машинасының шойынқұйғышы, домна пешінде көрікші, диспетчер, домна пешінде газшы болып, бірнеше басқа мамандықтарды меңгерді.

Жұмыс өте қиын болды, кейбір адамдар қатты ыстықтан естерінен танып, тіпті кейбірінің мұрындарынан қан ақты. Көбісі ауыр жұмысқа шыдай алмай кетіп қалды. Бірақ Назарбаев аяғынан тік тұруға уәде беріп, жұмысқа бар ынтасымен кірісті. Онымен бірге Төлеген Юсупов, Болат Кәрімов секілді жолдастары да барлық қиындықтарды жеңіп, жоғары білікті металлург болды.

Қиындықты жеңе білген жиырмадағы Нұрсұлтан еңбекбен тапқан жалақысының жартысын кішкентай балалардың қажеттілігі үшін деп, ақшаны үнемдеп жүретін әкесіне жіберіп тұрды.

Барлық жерде көшбасшы бола білген Назарбаев қазақстандық жұмысшы мен комсомол мүшесі ретінде жиі комсомол конгресстеріне және жастар фестиваліне жіберілді. Осылайша ол танымал болып, тіпті өндірістің білікті жұмысшысының суреті басылым беттерінде, орталық баспасөзде пайда болды. Өз әріптестерінің арасында жас металлург үлкен сыйға, құрметке ие болды. Сондықтан партияға кіргеннен кейін көп ұзамай цех ұйымдастырушысы болып тағайындалды.

Осы жылдарда оның өмірінде тағы бір маңызды оқиға орын алды. Сол жылы Нұрсұлтан Әбішұлы болашақ әйелі Сара Алпысқызымен танысты. Елбасы болашақ жұбайын алғаш домна пешінде кездестірді. Өндірістегі таныстықтың арты көп ұзамай үйлену тойына ұласты.
Бақытты жас отбасы тез ұлғайып, олардың Дариға, Динара және Әлия есімді қыздары дүниеге келді.

Сондай-ақ, жас ерлі-зайыптылар кәсіби деңгейде де өсті. Зауыттағылардың ұсынысы бойынша Назарбаев және сол цехта істеген бірнеше жігіт Қарағанды политехникалық институтына оқуға түседі. Мұнда Теміртауда тұратын үміткерлерден құралған ЛП-62-2 (қара және түсті металдарды құю өндірісі) тобына қабылданды. Мұнда ол 3 жыл оқыды, содан кейін Қарағанды металлургиялық комбинатына «Завод ВТУЗ» ауыстырылып, металлург-инженер дипломын алып шықты.

Содан кейін әйелі Сара Алпысқызы Назарбаева да 1967 жылы Қарағанды металлургиялық комбинатының жанындағы ВТУЗ-ды экономика мамандығы бойынша бітіріп шықты.

Нұрсұлтан Назарбаевтың алдынан жаңа жетістіктер ашыла бастады. Оның әрдайым көшбасшы болуға деген ықыласы, адамдарды өзіне қарата, өзгелерді қорғай білу қабілеті бірден байқалды және бағаланды. Содан Назарбаев 1969 жылдан бастап Теміртау қаласындағы партиялық, комсомол жұмысына ауысады.

Біраз уақыттан кейін ол осы маңызды істі де жақсы меңгеріп алды. Көп адамдардың арасында жүру, олардың қызығушылығына қарай қызметін ұйымдастыру қабілеті әрқашан Назарбаевтың қанында болды.

Нұрсұлтан Назарбаев өзі есіне түсіргендей, ол басшылық лауазымдарға ерекше құмартпаған. Бірақ жастайынан өзіне құрмет көрсету сезімі, әрдайым бірінші болу әдеті қалыптасты. Жетекші және ұйымдастырушы ретінде ол бірте-бірте көптеген адамдармен, цех басшыларымен, министрлермен қалай араласу керектігін үйреніп, тәжірибе жинады.

1972 жылы ол Қарағанды металлургиялық комбинатының партия комитетінің хатшысы лауазымына тағайындалды. Ол іс жүзінде 30 мың адам жұмыс істейтін ірі қазақстандық кәсіпорында директордан кейінгі екінші адам болды. Сонымен бірге ол стратегияны, болашаққа деген қызығушылықты және жаңа нәрсені сезінді. Елде осындай тәжірибелі және жігерлі қызметкерлер үлкен сұранысқа ие болды. Сол себепті Назарбаев 1977 жылы Қарағанды облыстық партия комитетінің хатшысы, содан кейін екінші хатшысы болып сайланды.

1979 жылы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан коммунистік партиясы орталық комитетінің хатшысы болды. 1984 жылы КСРО-дағы одақтық республиканың ең жас, 44 жастағы премьер-министрі, Қазақ КСР министрлер кеңесінің төрағасы болып тағайындалды. Бірақ, ол жас екеніне қарамастан, өте кемеңгер мемлекеттік және саяси қайраткер бола білді.

Жаңа лауазымға тағайындалған Назарбаев туған республикасын дамытуда жіберілген қателіктерді көрді. Ол Қазақстанның одақтас экономиканың үлкен шикізатына айналғанын көреді.

Ол өзімен бірге басқа да адамдардың сана-сезімі ашыла бастағанын, бүкіл елдің оянғанын көрді. Колбиннің бұйрығымен жаншылып тасталған 1986 жылғы желтоқсан алғашқы қазақстандық «көктем» болды. Уақыттың өтуін тоқтату мүмкін болмады, оқиғалар тез және жылдам дамыды.

1989 жылдың көктемінде КСРО-да алғаш рет жоғары мемлекеттік органға балама сайлау өткізілді. 1989 жылдың маусымында Мәскеуде КСРО халық депутаттарының алғашқы съезі өтті, онда реформалар, идеялар мен экономикадағы проблемалар талқыланды. Халық депутаттары съезі аяқталғаннан кейін Геннадий Колбин Мәскеуге ауыстырылды. 1989 жылы 22 маусымда пленумдағы 158 қатысушының 154-інің дауысын жинаған Нұрсұлтан Назарбаев Қазақ КСР коммунистік партиясы орталық комитетінің бірінші хатшысы болып сайланды.

1989 жылдың шілдесінде Қарағандыда шахтерлер ереуілге шықты. Онда жұмысшылар экономикалық талаптардан бөлек, Семей сынақ полигонын жабу туралы саяси талаптар қойды. Сонда Назарбаев ереуілге шыққандардың талабын қолдады. Ол олардың наразылығын жақсы түсінді. Сондай-ақ, Назарбаев ереуілге шыққандар сияқты, Қазақстанның экономикалық тәуелсіздігін, республикада зиянды сынақтар жүргізуге тыйым салынғанын қалады.

Демократиялық үдерістер КСРО республикаларында жұмысшылардың жаппай ассоциациясын құруға әкелді. Қазақстандағы ең алғашқы және ең танымал қозғалыстардың бірі – 1989 жылы көктемде құрылған «Невада-Семей» экологиялық қозғалысы. Онда қозғалысқа шыққандардың мақсаты Семей және Қазақстандағы басқа полигондарды түпкілікті жабу болды.

1990 жылы 24 сәуірде Қазақ КСР жоғары кеңесі Қазақ КСР президенті лауазымын мақұлдады. Осылайша, Нұрсұлтан Назарбаев республиканың жоғарғы кеңесінің отырысында Қазақстан тарихындағы тұңғыш президент болып сайланды.

1991 жылы 1 желтоқсанда бірінші жалпыхалықтық президенттік сайлау өткізілді, оның барысында Нұрсұлтан Назарбаев сайлаушылардың абсолютті қолдауын алды.

1991 жылы 10 желтоқсанда Қазақ КСР жоғарғы кеңесі Қазақ КСР-ын Қазақстан Республикасы деп ауыстыру туралы заң қабылдады және Қазақстан президентінің ұлықтау рәсімін өткізді.

1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақ КСР жоғарғы кеңесі республиканың мемлекеттік тәуелсіздігін жариялады. Сөйтіп, Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіз Қазақстан Республикасының президенті болды.

Тұңғыш президентпен тәуелсіз Қазақстанның жаңа дәуірі басталды. Жас мемлекет өзінің ата таңын, туын, елтаңбасын, әнұранынн, ұлттық валютасын құрастырып, қабылдады.

Риза болған қайырымды халық өздерінің көшбасшысының еңбегін жоғары бағалады. 2010 жылдың 15 маусымында Қазақстан Республикасының жаңадан қабылданған конституциялық заңы негізінде ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа ресми түрде «Елбасы» мәртебесі берілді.

Елбасының жұбайы Сара Алпысқызы Назарбаева 1992 жылдың ақпанынан бастап Халықаралық «Бөбек» балалар қайырымдылық қорының негізін қалаушы және президенті. Бүгінде Бөбек – республикадағы ең белсенді қайырымдылық қоры, ол тек Қазақстанда ғана емес, шетелде де танымал. Қордың есебіне жүздеген және мыңдаған қайырымдылық іс-шаралары, жетім және мүгедектерге көмек көрсету, аналарға көмек көрсету кіреді.

1994 жылдың шілдесінен бастап Сара Назарбаева «SOS – Қазақстанның балалар ауылы» қорының президенті, 1999 жылдың наурызында «Демография «қайырымдылық қорының қамқоршылар кеңесінің төрағасы болып сайланды.

Қайырымдылық және қамқорлық саласындағы көрнекті жетістіктері үшін Сара Назарбаева халықаралық ұйымдар тарапынан көптеген марапаттарға ие болды. Олардың ішінде дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Ихсан Дограмчи халықаралық сыйлығы, халықаралық Unity сыйлығы, Құрманжан Датка сыйлығы сияқты салмақты марапаттарды иеленді. Сондай-ақ, Сара Алпысқызы «Өзін-өзі тану философиясына үлкен үлес қосқаны үшін» Шыңғыс Айтматов атындағы алтын медальмен марапатталды.

2010 жылы ол «SOS Kinderdorf International» қорының «Құрметті алтын сақина» сыйлығына ие болды. Бұл өмірін SOS Kinderdorf балалар ауылының балаларына арнаған әйелдерге берілетін марапат.

Елбасының үлкен қызы Дариға Нұрсұлтанқызы 1963 жылы туған. Оның екі ұлы мен қызы бар. Үнемі мемлекет басшысының қасында жүріп, қолдау көрсетіп жүрген сенатор С.М. Киров.
Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Дариға Назарбаева саясаттану ғылымдарының докторы, қазақ-орыс тілінен басқа ағылшын, итальян және неміс тілдерін еркін меңгерген. Сондай-ақ, ҚР тұңғыш президентінің қоғамдық қорының директоры, сенатор.

Назарбаевтың ортаншы қызы Динара Нұрсұлтанқызы Күлібаева 1967 жылы дүниеге келген. Оның ұлы мен екі қызы бар. 1989 жылы Луначарский атындағы Мәскеу мемлекеттік театр өнері институтын бітірді. Динара Назарбаева да қазақ, орыс, ағылшын және итальян тілдерінде еркін сөйлейді.

1998 жылы Қазақстанның менеджмент, экономика және болжау институтын бітіріп, «әкімшілік басқару» мамандығы бойынша магистр дәрежесін алды. 2007 жылы докторлық диссертация қорғады. 2004 жылдан бастап Қазақ-Британ техникалық университетінің директорлар кеңесінің төрағасы. Ол Нұрсұлтан Назарбаев білім беру қорын басқарады.

Ал кенже қызы Әлия Нұрсұлтанқызы Назарбаева 1980 жылы дүниеге келген. Қазақстанда және шетелдік мектептер мен университеттерде оқыды. ҚазГЗУ-ды бітірді. Әлия Нұрсұлтанқызы да қазақ, орыс, ағылшын және неміс тілдерінде сөйлейді. Бүгінде ол екі қыз тәрбиелеп отыр.

Сондай-ақ, Әлия Назарбаева «Европа плюс» радиосында директордың көмекшісі, «ТұранӘлемБанкте» заң бөлімінде тәжірибеден өтіп, Нұрсұлтан Назарбаевтың хатшысы қызметін атқарды. Сонымен бірге, «Элитстрой» құрылыс компаниясының басшысы.

Тәуелсіз Қазақстанды дамытып, бүкіл әлемге танытқан тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың сегіз немересі және екі шөбересі бар.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
17.11.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар