Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның тумасы Mrs.Asia Hollywood Queen-2016 титулын жеңіп алды (фото)

Қазақстандық Жанна Стинсон (Досмұхамедова) 28 мамыр күні АҚШ-та өткен сайыста Mrs.Asia Hollywood Queen-2016 титулын жеңіп алды.

3b23d588acf8935cb638ea5572c0ae0f

Фото: tumba.kz

Бұл туралы TengriNews хабарлайды.

Жанна Стинсон дәл мұндай сұлулық байқауына өмірінде екінші рет қатысып отыр.  Ол аталған байқауға қатысу тіпті ойында болмағанын айтады.

“Ms.&Mrs.Asia USA байқауына бірінші рет 2014 жылы қатысып, екінші орынды иемденген болатынмын. Алғашқы бестікке кірген қатысушыларды түрлі байқауға қатысуға шақырады. Менде құштарлық та, уақыт та жоқ болғандықтан, әдетте бас тартамын. Бұл жолы да солай болды. Бастапқыда бас тарттым, артынша достарым мен әріптестерім қатысуға көндірді. Құдды уақыт кері жылжып, өзімді 20 жастағы бойжеткендей сезіндім”, – дейді ол.

12751543_582367585252518_328409294_n

129890b84352c1422617362b6acc71f3

Жанна Ақтау қаласында туып өскен. 16 жасында АҚШ-қа көшіп барып, дәл қазір Калифорния штатында тұрып жатыр. Тұрмысқа шыққан, 15 жастағы ұлы бар.

13397666_1032670830148458_1517782878_n

13109081_508072456049428_2107478543_n

Бос уақытында өзінің Калифорнияның әртүрлі аймағында көрсетілетін On the Planet of Culture with Shanna атты бағдарламасын жүргізеді. Аталған бағдарламада әлем халықтарының мәдениеті мен тарихы туралы баяндайды.


Жіберіп алмаңыздар:

Атырауда әйелдер абақтысында сұлулар байқауы өтті (фото)

“Қазақ аруы” байқауынан кейін бағы жанған сұлулар

Регина Вандышева “Әлем аруының” спорт байқауында өнер көрсетті

Сұлулар және волейбол: Сәбина Алтынбекованың орыс бәсекелесі (фото)

Талқылау