Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның Тәуелсіздік күніне орай Google-да Қазақстанның Туы бейнеленді

Бүгін Қазақстанның Тәуелсіздік күніне орай Google іздеу жүйесі жаңа дудлды (doodle) іске қосты.

Безымянный

Дудлдағы әріпте қазақтың оюы мен  Қазақстанның Туы бейнеленген.

Бұған дейін Google компанияында жұмыс істейтін қазақ жігіті, Мадияр Айтбаев туралы БАҚ өкілдері хабарлаған болатын.

Талдықорғандық Мадияр бүгінде «Гугл» компаниясының «Андройд студио» бөлімінде жұмыс істейді екен. Яғни олардың командасы ұялы телефондарға,  «S»  смартфондарына «Гугл» компаниясының бірнеше қызмет түрлерін енгізумен айналысады. Айтуын­ша, компанияның жұмысшылар­ға жасап­ қойған мүмкіндігі керемет көрінеді.

«Компанияның басшыларына ризамын. Мен секілді кез келген жас, жаңадан келген маман басшылыққа емін-еркін өз ойын жеткізуіне болады. Яғни басшының алдына кіріп, онымен пікірлесуге шектеу қойылмаған. Сондай-ақ жұмысты Қазақстандағыдай таңертеңнен кешке дейін кабинетте отырып істеу керек деген қағида жоқ. Үйде отырып та жұмысыңды жалғастыра берсең болады. «Гуглда» жұмыс істегісі келетін­дердің қатары өте көп. Бос орынды жылдап күтетіндер де бар», – дейді Мадияр.

Бүгінде Лондондағы Google компаниясында 3 қазақ жігіті жұмыс істейді екен.

Сондай-ақ, Google интернет-компаниясы қазақ тіліндегі мәтіндерді аудару қызметін іске қосқандығын мәлімдеген болатын.


Тағы оқыңыз: 16 желтоқсан тәуелсіздік күні туралы мәлімет

Талқылау