Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Белгілі журналист ауыр сырқаттан қайтыс болды

Журналист Ольга Козлова (Латынина) қайтыс болды. Бұл туралы оның достары Facebook әлеуметтік желісінде жазып, туыстары мен жақындарына көңіл айтты. Латынина “Хабар” агенттігінің ақпараттар қызметін басқарған. Журналист бірнеше жылдан бері қатерлі ісікпен күресіп келген.

Ольга

Журналистің қазасы жайлы “Хабар” агенттігінің бұрынғы тележүргізушісі Айгүл Мүкей де жеке парақшасында жазды. Әріптестерінің айтуынша, Ольга  бірнеше жыл бұрын дертін  шетелде емдеткен. Алайда уақыт өте  онкологиялық ауру қайта қозып, журналистің өмірін алған. Жерлеу рәсімі  шілденің 3-і күні өтті.

Талқылау