Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның тағы бір тумасы Ресей президенттігіне үміткер болды

Семей қаласының  тумасы Сергей Бабурин РФ президенттік сайлауына «Ресей халықтық одағы» партиясының атынан үміткер ретінде тіркелді. Ол орталық сайлау комиссиясына Ресей президенті лауазымына кандидат ретінде өз құжаттарын өткізген.

Бұл туралы РИА Новости-ды сілтеп, Stan.kz хабарлайды.

Бабурин бұған дейін сайлаушылардың қолдарын тексеру рәсімінен сәтті өтіп, тіркеуге еш кедергі келтірмеді.

Бабурин Сергей Николаевич 1959 жылы 31 қаңтарда Семей қаласында дүниеге келді.1981 жылы Омбы мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген. 1981-1983 жылдары КСРО қарулы күштерінде қызметін атқарды.

Сергей Бабурин – Ресейдегі танымал қоғам қайраткері. 1991 жылдан бастап Ресей ұлттық одағы (ROS) қозғалысының үйлестіру кеңесінің төрағасы болды. 1994 жылдан бастап «Ресей ұлттық одағы» саяси партиясының төрағасы. 1992-1993 жылдары ұлттық құтқару майданының тең төрағасы болды.

2017 жылдың желтоқсан айында Бабурин орталық сайлау комиссиясына «Ресей халықтық одағы» партиясының атынан Ресей президентіне үміткер ретінде тіркелді. 2018 жылдың 5 ақпанында ОСК Бабуринге қойылған 3,18% қолды жарамсыз деп таныды.

Сонымен қатар, Сергей Бабуринге Достық ордені (2006) берілген. 2010 жылы Ресей Федерациясының еңбегі сіңген қайраткері атағына ие болды. Бабурин Ресейдің президенттік сайлауына қатысқан жалғыз қазақстандық емес.

Тағы бір Қазақстанның тумасы ресейлік танымал саясаткер либерал-демократиялық партияның (LDPR) көшбасшысы Владимир Жириновский. Ол осымен алты рет Ресей президентінің сайлауына өз кандидатурасын ұсынған.

Ол президенттік лауазымға үміткер ретінде алғаш болып тіркелді. Владимир Вольфович Жириновский 1946 жылы 25 сәуірде Алматы қаласында дүниеге келген.

Сондай-ақ, «Мортадель» компаниясының топ-менеджері Эльвира Агурбаш та Ресейдің президенттік сайлауына қатысуға ниет білдірді. Алайда, Агурбаш орталық сайлау комиссиясы заңмен белгілеген мерзімде бойынша тиісті қолдарды жинап келген жоқ.

Жіберіп алмаңыз:

Қалдыбек Құрманәлі жұлдыз ауруына шалдыққан әншілердің бетпердесін ашты 

Нағыз патриоттар сатып алғысы келетін 7 зат (фото) 

Роза Әлқожа артық салмағы үшін жылдар бойы елден қысылып келгенін айтты 

Қазақстанда саусақ іздерін кімге, қашан және қалай тапсыру міндеттеледі? 

 

 

Талқылау