Қазақстанның сыртқы қарызы 155 миллиард АҚШ долларына жеттi

Жексенбі, 10 Шілде , 2016 11:33

Қазақстанның сыртқы қарызы 155 миллиард АҚШ долларына жеттi. Былтырғы жылы бюджет тапшылығын жабуға сырттан 1 триллионнан астам теңге тартылған еді. Бұл көрсеткiш 2013 жылмен салыстырғанда 9 есеге көп. Соған қарамастан биыл үкімет Халықаралық банк пен Азия даму банкінен тағы да 2 миллард доллар қарыз алып жатыр.

777

Сурет socdeistvie.info

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Бұрынғы инвистициялар және даму вице-министрі Рахым Ошақбаев бүгінде мемлекет сыртқы қарызына квази мемлекеттік сектордың берешегін қоспайды. Алайда олардың төлем қабілетін қолдап отыру үшін ұлттық қор мен бюджеттен ақша бөлініп тұратыны бәрімізге мәлім дейді. Сондықтан, экономист пікірінше компания аралық қарыздарды мемлекеттік қарыздан бөлек қарастыруға болмайды.

“Біздің сыртқы қарызымыз 12,8-13 миллиард доллар, яғни шамадан тыс емес мөлшерде болғанымен, квази мемлеттік сектордың қарызы ұлғайып келеді. Ресми бұл цифр 20 миллиард доллардан жоғары. Алайда еліміздегі 3 ірі қаржы компанияның қаржылық есебіне назар аударатын болсақ, бұл цифр 25 миллирад доллардан асып жығылатынын көреміз”, – дейді экономист Рахым Ошақбаев.

Екінші мәселе еліміздегі банктердің төмен табыстылығы екен. Қазірде қаржы институттарының рейтингтері жағымсыз, “трипл си” деңгейінде. Егер оларға қосымша қаржыландыру қажет болса, 2008 жылғы дағдарыс тәжірибесімен мемлекет ұлттық қордан оларды қолдауға тағы 20 миллиард доллардай қаржы бөлуі әбден мүмкін дейді мамандар. Сондықтан бюджет шығынын қысқарту тетіктерін осы бастан қолға алу керек дейді олар.

“Бюджетті көп пайдасы түспейтін шығындарды қысқарту керек деп санаймын. Мысалы ЭКСПО-ға байланысты, халықаралық форумдар өткізіп жатады, келесі жылы өткіземіз деген универсиадалар бар, Астананың 18 жылдығын тойлаймыз деп біраз шығындар шығарып жатыр. Қазақтар айтады көрпеңе қарап көсіл деп”, – деді экономист Меруерт Махмұтова.

Экономистердің айтуынша, еліміздің борышын тұрғындар санына шағатын болсақ, әр адамға 8700 доллар берешектен келеді екен. Биылдың өзiнде бюджеттiң жыртығын жамауға тағы 2 миллиард доллар сырттан алынды. Ал мұнай секторынан Ұлттық қорға түсетін табыс 2014 жылмен салыстырғанда биыл 4 есе төмен.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

3
Комментариев
  • Анонимно says:

    Бюджет тапшылыгын жою үшин салык толеуди тәртіпке келтиру керек сияқты менимше.

  • Жұмбақ жан says:

    Депутат бастыктардын айлыктарын кыскарту керек кытайлар келип жатыр елимиге солардан Салык алу керек

    • Анонимно says:

      Өзбек тəжіктердің пенциясын пасобиясын бермеу керек

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
22.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар