Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның сырға толы өлкелері

Кең байтақ қазақ жерінің байлығы мол, ал табиғаты сұлулыққа тұнып тұр. Ұшы-қиыры жоқ дала мен аспанмен таласқан таулары адамзат баласын өзіне тәнті етпей қоймайды. Қойнауы қазбаға, табиғаты сирек кездесетін жан-жануарға толы бұл бай өлкеге көп халық көз тіккен. Жеріміздің байлығы пайдалы қазбалармен шектелмейді, ғалымдар тарапынан әлі толық зерттеліп үлгермеген, өзінің жұмбақ сырымен еліктіре түсетін мекендер бар.

25

Фото: almaty-info.net

Әнші тауы

Әнші тауы деп құмды төбешікті айтады. Биіктігі – 200 м, ал ұзындығы – 3 км. Аталған құм төбе Іле өзенінің бойында орналасқан. Уақыт өте келе бұл жерден дірілдің басталғанын сезініп, гуілдеген қатты дауысты естуге болады. Реактивті қозғалтқыштың даусына ұқсайды.

5

Фото: almaty-info.net

Осы күнге дейін бұл төмпешіктің жазық далада қалай пайда болғанын ешкім зерттеген емес. Ғалымдар зерттемесе де, жел ұшырып әкелген құмның арқасында пайда болғанын айтады. Ал жергілікті тұрғындар құм төбенің ары-бері жылжып тұратынын тілге тиек етеді. Мұнымен қатар, тау астында Шыңғысханның ұрпақтары жатқаны туралы аңыз тараған. Ал діндар қазақтар таудың астында құдайдың қаһарынан жасырынған шайтан жатқанын айтады. Ол тығыламын деп осы жерден шыға алмай қалған екен. Сол себепті ызаланып түнде ащы дауыстар шығаратын көрінеді.

Үстірт шоқысы

25

Фото: spletnik.ru

Каспий мен Арал теңіздерінің солтүстік бөлігінде құмды ауданда ежелгі дәуір адамдары мәдениетінің ізі қалған. Бұл жерден адамдар БҰН-дарды жиі байқайтын болған. Мысалы, 1974 жылдың жаз айында Үстіртте екі көліктегі отряд (жалпы 5 адам, олардың арасында Сидоров бар) аспанның батыс бөлігінен біртүрлі объектіні байқаған. Белгісіз объект батыстан шығысқа қарай жылжып бара жатқан. Алдымен, ұзындығы көкжиектің үштен бір бөлігіне тең үлкен қауыз пайда болған. Кейін қауыздың ішінде парашютке (немесе электр шамына) ұқсайтын дене пайда болған. Парашют ай секілді жап-жарық болып тұрған. Объект көкжиекке кірместен көзден ғайып болған. Мұны көргендер қатты шошынып, 20 минут бойы қозғалмастан бақылаған.

Көк көл

0

Фото: snovadoma.ru

Физикалық құрылымы ерекше Жамбыл облысында пайда болған су қоймасында түрлі құбылыс жүзеге асып жатады. Көлге өзендер ақпайтынына немесе келіп құймайтынына қарамастан, су тап-таза тұнық болып тұрады. Ғалымдар осыған орай су астында үңгір болуы мүмкін деп болжайды. Мұнымен қатар, ғалымдар су бетіне түскен затты сорып алып кететін шұңқырдың бар екенін айтады. Ал Түркістанда тараған аңыздарға сенсек, көлдің түбі жоқ. Мұны зерттеулер нәтижесі де растап отыр. Кей шопандар көл бетіне үлкен құбыжықтың шығып жануарлар мен құстарды өзіне тартып әкететінін айтқан.

Өлі көл

1

Фото: oxablogg.blogspot.com

Талдықорған облысы Герасимовка ауылында кішігірім көл бар. Аталған көлдің ұзындығы – 100 м, ал ені – 60 м. Жыл сайын бұл көлге көптеген адам батып қайтыс болады екен. Ал жергілікті тұрғындар оны айналып өтіп, туристерге де осылай жасауға кеңес береді. Тұрғындардың мұндай сөздері туристерді керісінше көлге еліктіре түссе керек.

Көлдің суы қыс болсын, жаз болсын мұздай болып тұрады. Температурасы мүлдем өзгермейді. Түбінде балдырлар өскені болмаса, су жануарлары тіршілік етпейді. Мұнымен қатар, көлдің жағасынан шыбын-шіркей мен масаның ұшып жүргенін көру мүмкін емес.

Арнайы ауа толтырылған балоны бар сүңгуірдің өзі үш минуттан кейін белгісіз себептерге байланысты тұншығып, жағаға шығуға мәжбүр болады. Мұны ғалымдар көл түбінде улы газдың бар екендігімен байланыстырады. Суда тіршіліктің болмауы да осымен тікелей байланысты болса керек.

Суға кеткен адам көлдің бетіне қалқып шығуы тиіс. Алайда бұл жерде көлдің түбінде тікесінен тұрып қалады екен.

Үңгіртас “Жердің кіндігі”

2

Фото: yvision.kz

Бұл жерге әлемнің түкпірінен түрлі адам келіп, жер мен ғарыштың күш-қуатын бойына сіңіреді. Алматыдан 100 км қашықтық жерден диаметрі 8 метрге дейін жететін энергия ағынының көзі (жерден шығатын жері) табылған. Жерден шығып көкке бағытталған энергия адамның бойын тазартып, оның күш-қуатын арттыра түседі.

Оңтүстік астанадан 85 км қашықтықта Бішкекке қарай кетіп бара жатқан жерде “Үңгіртас” атты ерекше кент бар. Өзі тау етегінде орналасқан.

Ғалымдардың айтуынша, дәл осы жерде аспан мен жердің жүйелері өзара түйіседі. Үңгіртасты “Қазақстан жерінің кіндігі” деп атайды. Мұнда биоэнергетикамен айналысатын, қажылыққа барғысы келетін адамдар жиі келетін көрінеді. Десе де бұл кентте түрлі таңғажайыптар орын алып жатады.

Яссауи ұрпақтары

www

Фото: www.gnozis.info

Тау етегінде орналасқан үйде қашан да адамдар өмір сүрген. Бірнеше бөлмеге барлығы 10 адам жайғасқан. Мұнымен қатар, дәруіш Бифатима Дәулетова мен Берік Тастанов есімді тұрғылықты тұрғындары да бар. Олар өздерін бір кездері Ахмет Яссауи мектебінің дәруіші болған жандардың ұрпағы санайды. Алғашқы дәруіштің ұстазы Арыстан Баб болған екен.

Ауыздан-ауызға тараған аңыздарға сенсек, дәл осы Үңгіртаста Ахмет Яссауи өмір сүрген. Ол 63 жасында Пайғамбар жасынан артық ғұмыр кешкісі келмейтінін айтып, қылуетке түскен. Жерасты үйге жақын жерге оның шәкірттері мен туысқандары жайғасқан. Ал кесене орналасқан жерді “Айдарлы Айдахар-Ата” деп атайды.

Үңгіртасқа келушілер дәруіш көмекшісі Берік Тастановтың түрлі ауруды емдей алатынын айтады. Әсіресе қояншық ауруын емдеуге көмегі мол екен. Ал Бифатима Дәулетова Айдахарлы Атаның ерекше қасиетті жер екенін 1999 жылы біген. Өзіне берілген ерекше қасиетті Алланың сыйы деп біледі. Бифатима тек қазақ тілінде хат танып, қазақ тілінде жаза алады. Десе де басқа ұлт пен діннің адамдарын емдеуге әзір.

Бифатима тауға бармас бұрын суға қатысты рәсім жүргізеді. Мұндай рәсімді орындамаса, тау кіргізбей қояды екен. Кейде, расымен де, Үңгіртастың өзіне адам аяғын бастырмайтынын кездері болады. Кез келген адам, алдымен, кітапқа ұқсаған қақпаның алдына барып тоқтайды. Кейін қақпадағы “Тізеңді бүгіп дұға қыл. Сен Ақыл тауына көтеріліп бара жатырсың” деген жазуды оқиды. Бірақ қақпадан ары қарай барлығы бірдей өте алмайды. Кейде адамның басы қатты ауырып, көзі қарауытып, өздігінен тұншыға бастауы мүмкін. Адамдар тауға көтеріле алмауының себебін түрліше түсіндіреді. Мұндайда таудан дереу түсіп, энергетикасын тазартқан жөн.

Кейбір адамның көз алдына қалың кереге елестеп, одан өте алмайтындай көрінеді екен.

Кіреберіс жерде діңгек тұрады. Оған көптен бері бала көтере алмай жүрген әйелдер отырады. Бір рет келгеннен-ақ құрсақ көтеріп, келесі жылы сәбилерімен келген жандар да бар. Үңгіртас тастары энергиясының күштілігі соншалық, кейде жас қыздарда өздігінен бала көтеріп қалуы да мүмкін екен.

Сиқырлы тастар

xzZ_OPcSruA

Фото: idrive.kz

Үңгіртастың әрбір үңгірінің өзіне ғана тән энергетикасы мен емдік қасиеті бар. Әр тас адамның белгілі бір мүшесін емдейді. Мұны келушілер де жақсы біледі. Үңгір ішіндегі мұздай суық тастар қасына жақындаған кезде, жылу бөліп шығарады.

Аталған қасиетті жерге көбінесе бас, арқа, көзі ауыратын жандар емделуге келеді. Мұнымен қатар, қарғыс пен көз тиюден сақтайтын үңгірге арнайы келушілер көп.

Адам көзіне көрінбейтін пердесі бар үңгір “Айдаһар қанаты” деп аталады. Сол көрінбейтін пердеден өткен адамның жан-дүниесі толықтай тазарады екен. Бұл үңгірге келгенде еркектердің өздері балаша жылап, әйел адам күйзеліске түсуі мүмкін.

Үңгіртас – діндар адамдарға арналған жер. 2000 жылдың наурыз айында Мәскеу институтының профессоры В.М.Бронников келіп, аталған мекенге зерттеу жүргізген. Нәтижесінде жер астынан, расымен де, ерекше энергияның шығатынын анықтаған. Жерден шығып көкке бағытталған энергияның шын мәнінде адамға тигізер пайдасы мол. Тіпті энергия шығатын жерге ескерткіш қойылған. Оның жанында небәрі 15 минут тұруға болады. Бірінші рет келген адамның басы қатты ауырып, буындары қақсайды. Артынша барлық ауруынан толықтай айығып, жан-дүниесі тазарады.

Жерасты Медеу шіркеуі мен ежелгі тақуалардың құпиясы

3

Фото: yvision.kz

Тақуалардың жерасты Медеу шіркеуін қазып алғаны бізге ежелгі деректерден белгілі. Тақуалардың бірі төмен қарай 20 баспалдақтың барын, шіркеудің іші ағаштан жасалғанын жазып қалдырған екен.

Жер астында үш бөлек бөлме болған. Барлық жерде әулиенің көркем бейнесі ілінген.

Қалалық шіркеудегі бүліктен кейін көптеген тақуалар тауға кеткен екен. Шіркеуде орын жетіспегендіктен, тау бөктерінен өздеріне скит (монахтар тұратын шағын монастырь) іздеуге мәжбүр болған.

Естеріңізге сала кетсек, Қазақстанның 5 көрікті жерінің ресейлік National Geographic журналына енгені туралы хабарлаған болатынбыз.

Талқылау