Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның шоу-бизнес өкілдері мектептегі сүйікті ұстаздары жайлы айтып берді (фото)

Бұл жексенбіде барлық ұстаздар төл мерекелерін атап өтеді. Осы орайда шоу-бизнес өкілдерінің сүйікті ұстаздары жайында айта кетейік.

4ce0aa1c40bdc50cf6f116f67544fa84

Бұл туралы  BNews.kz хабарлайды.

«Ringo» тобының солисі Данияр Өтеген әлі күнге дейін ұстазымен кездесіп тұратынын айтады.

«Мен Алматы қаласының №104 мектебінде оқыдым. Мұғалімдермен қатынасым жақсы болды. Бәрімен тіл табысатынмын. Ең сүйікті ұстазым – сынып жетекшім Байтасова Зәуре Амантайқызы. Ол өз ісінің маманы. Керемет адам. Ұстазымды мерекесімен құттықтай отырып, 11 «в» сыныбының атынан кешірім сұраймын. Қандай жағдай болмасын біз сынып болып ұстазымызды жақсы көреміз», – дейді Данияр.

28c4fd834d14ddd4b903ee6d716f798e

Әнші Диас Аблаев та мұғалімінің арқасында өзіне деген сенімі пайда болғанын айтады.

«Менің оқушылық күндерім Алматыдағы Халықаралық мектепте өтті. Ең сүйікті ұстазым – Ионкина Татьяна Федоровна. Ол менің сынып жетекшім. Бізге сенім артып, қолынан ұшырарда үміт артып жіберді. Бізді тәртіпсіз деп айыптағанда да, қолдау білдірді. Сізге көп рахмет. Сізді ешқашан ұмытпаймыз», – дейді әнші.

9d02b346d05eb640c4697becb9ea27ec

 

Ал әнші Тұрар Рахымберлин мұғалімін есіне ала отырып, оған ұлындай болып кеткенін айтады.

«Мен өзім Қарағандыда туып, сонда оқыдым. Оңтүстік-шығыс ықшамауданындағы №66 мектебін бітірдім. Менің сүйікті ұстазымның аты-жөні  – Лидия Васильевна. Неге екенін білмеймін, орыс тілі мен орыс әдебиетін сүйіп оқыдым. Бала күнімде орыс тілі пәні мұғалімі болуды армандадым. Үйге келген қонақ балаларды жинап алып диктант жаздыратынмын. Кейіннен баға қаям. Лидия Васильевна сабақ беріп қана қоймайды, ол өз ісіне жан тәнімен беріліп кетеді. Мен мектепте көп жыл бұрын бітіргем. Бірақ, сүйікті ұстазымды еш ұмытқан емеспін», – дейді Тұрар Рахымберлин.

3162bfd721bd6b23d2e5fdee7b976393

Әнші Ринат Малцагов музыка пәнінің мұғаліміне алғысын білдіреді.

«Мен Павлодар қаласында оқыдым. Ең сүйікті ұстазым деп Светлана Евгеньевнаны айтар едім. Ол мені музыка пәнінен оқытты. Дәл сол мүғалім менің музыкаға деген құштарлығымды оятты. Тағы бір ұстазым ретінде – Қазақстаның халық әртісі Нағима Есқалиеваны атар едім. Оған да шексіз алғысымды айтамын», – дейді әнші.

Еліміздегі әрбір мұғалім қоғамымыздың дамуына өз үлесін қосуда. Бұл жөнінде мемлекет басшысы: «Тек білімді, талантты, ақылды, патриот мұғалім ғана лайықты ұрпақ тәрбиелей алады» деген еді.

Жіберіп алмаңыз:

Қайрат Нұртас: Барахолкада ручка сатқан ашқұрсақ кезімді ешқашан ұмытпаймын

БАҚ-қа шолу. Әлішер Кәрімов: Мен арақ ішемін және былапыт сөздер айтамын

“Ninety One” тобының ата-аналары оларға сырға мен боялған шаш үшін ұрысқан

Мұрат Қожа «үш баласын тастап кетті» деп сөккендерге жауап берді (фото)

Талқылау