Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның Рио Олимпиадасынан жүлдемен оралған спортшыларға қанша төлейтіні анықталды

Бүгін  Рио-де-Жанейрода өтетін жазғы олимпиада ойндарына қатысқан әрі жүлделі орын алған қазақстандықтарға қаржылай сыйақының мөлшері айтылды. Әр бір спортшыға көрсеткен нәтижесі бойынша 5-250 мың доллар аралығында ақы төленетін болады деді ҚР МСМ спорт және дене шынықтыру істері жөніндегі комитетінің баспасөз хатшысы Бахытбек Хамит.

medal-rio_10

Бұл туралы ҚазТАГ жазды.

«Бүгін жазғы Олимпиадаға қатысатын спортшылар мен олардың бапкерлеріне, жалпы құрамаға берілетін қаржылай сыйлықтың көлемі нақтыланды. Ода жарысқа қатысушылардың  жүлдесі  1-6 орындар болып қарастырылады. Спортшыларға берілетін қаржылай сыйлық  бұрынғысынша доллармен есептелінеді. Олай болса 1-ші орынға- 250 мың доллар, 2-ші орынға-150 мың доллар, үшінші орынға-75 мың доллар, төртінші орынға-30 мың доллар, бесінші орынға-10 мың доллар, 6-шы орынға- 5 мың доллар төленеді»,-деді Бахытбек Хамит.

Сондай-ақ паралимпиадалық, сурдлимпиадалық ойындар үшін төленетін қаржы көлемі де айтылды.

Онда 1-ші орынға – 50 мың доллар төленеді. 2-ші орынға- 35 мың доллар, үшінші орынға- 25 мың доллар, 4,5,6-шы орындарға- 14, 6, 4 мың доллар шамасында қаржылай сыйлықтар беріледі екен.

Баспасөз хатшысы бапкерлерге төленетін қаржы көлемін де айтып кетті. Онда спортшы алған сома бапкеріне де берілетін болыпты.

Айтакету керек, сыйақы теңгеде сол кездегі доллар бағамына сәйкес беріледі.

Риодағы жазғы  Олимпиада ойындары 5-21 тамыз аралығында өтеді. Қазақстаннан 25 спорт түріне қатысу үшін 105 спортшы қатысады.

 

Талқылау