Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әдепсіз мемлекеттік қызметкерлердің дөрекілігі басым

Қазақстанның мемлекеттік қызметшілерінің әдепсіздік танытуында дөрекілік басым. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау департаментінің директоры Равиль Төлебаев айтты. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

«Әріптестер арасындағы дөрекілік әдепті бұзуда бірінші орында тұр. Мәселен, 670-тен астам әдеп бұзудың ішінде дөрекілік пен әдепсіз қылық 105 рет орын алған», – деді ол ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі өкілі.

Оның айтуынша, 2015 жылы Әдеп жөніндегі кеңес отырысына шығарылған істердің 75 пайызы тәртіптік мәселеге қатысты болса, ал 2017 жылы олардың саны 50 пайызға жуық қысқарған.

Әдеп жөніндегі кеңес мүшелерінің үштен екісін Өңірлік БАҚ-тардың бас редакторлары, ҮЕҰ өкілдері, ғылыми-педагогикалық қоғамдастық өкілдері және мәслихат депутаттары құрайды.

Тағы оқыңыз:

Ақтөбеде мемлекеттік мекемелер жетім балаларды қамқорлығына алды

Алматылық әйел ұшақтағы жолаушының өмірін құтқарып қалды

Шымкентте 21 жастағы орыс жігіті ислам дінін қабылдап, сүндетке отырды

Қазақстанда жүргізуші куәлігін онлайн ауыстыруға болады

 

 

Талқылау