Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Коммунистік одақтың 100 жылдық мерейтойына келген Тасмағамбетов сынға қалды

Алматы қаласында Лениншіл Коммунистік Жастар Одағының 100 жылдық мерейтойына орай Абай атындағы қазақ Мемлекеттік академиялық Опера және балет театрында концерт берілді. Алайда қазақстандықтап бұл іс-шараның ұйымдастырушыларын қатаң сөкті, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Қазақстанның Коммунистік одақтың 100 жылдық мерейтойын тойлағаны көпшілікке ұнамады

Аталған шарада Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының Роза Рымбаева, «Дос-Мұқасан» тобы, Әлібек Днишев, Нағима Есқадиева, Борис Щербаков сияқты еңбегі сіңген әртістер өнер көрсетті. Сонымен қатар концертке Ресейдегі Қазақстанның елшісі Иманғали Тасмағамбетов, Парламент Мәжілісінің депутаттары Қуаныш Сұлтанов, Жамбыл Ахметбеков, Серік Сейдуманова, ҚХКП мүшесі Әлибек Шапенов және басқа да қоғам қайраткерлері қатысты.

Қазақстанның Коммунистік одақтың 100 жылдық мерейтойын тойлағаны көпшілікке ұнамады

Айта кетсек, ұлттық патриоттар билік өкілдерінің бұл тарихи мерейтойды атап өткенін жақтырмай, аталған іс-шарада болашақ ұрпаққа берер тәлім тәрбие жоқтығын және зиялы қауымның қатысқанын сынға алып жазды.

«Бұл не сұмдық тағы. Коммунистерден және одардан тəлім алған адамдардан құтылмайынша елде даму болмайды», «Тексіздер тойлайды халқыңның қанын ішкендердің мерейтойын. Қызыл террористердің ғасырын сағынып отырма?», «Құлдың құлдықты еске алып тойлауы , бұл нағыз сана мен намыстың жоқтығынан, əлде психологиялық ауытқудың шыңы», «Иманғали Тасмағамбетов не үшін келген? Келмесе де болар еді гой» деген сынды пікірлер қалдырған желі қолданушылары.

Қазақстанның Коммунистік одақтың 100 жылдық мерейтойын тойлағаны көпшілікке ұнамады

Сонымен қатар пікір жазушылардың арасында аталған мерекеге қаражаттың қайдан бөлінгенін сұрағандар көп болды және сол қаражатты Алаштың мерейтойын атап өтуге жұмсау керек деген ойларымен бөлісті.

«Алаш қайраткерлерін осылайша неге еске алмасқа. Қанғыма қазақты қырғынға ұшыратқан комсомол мен партияның бетпердесі ашылса да нені тойлап жетісіп жатыр. Ашаршылықтағы, репрессиядағы, 1986 жылы қырылған қандастарымыздың аруағынан қорықсаңдар етті. Деңгейлерің осыған жетті ма», «Көпшілікті бұл шараны өткізуге кімнің демеушілік көрсеткені қызықтырады, тікелей берілді ме, әлде мемлекеттік бюджеттен бөлінді ме?» деп наразылық танытып жазғандардың саны артады.

Қазақстанның Коммунистік одақтың 100 жылдық мерейтойын тойлағаны көпшілікке ұнамады

Дегенмен тарихи сәттерді еске алып, жастық шақтарын жадына сақтағысы келген билік өкілдерінің ескі буынын құптап құттықтағандар да болды.

«Бұл тарих! Жастық шақ! Мектеп кездері! Адамның ғарышқа ұшқан кезі. Біздің комсомол ұлдарымыздың ҰОС көрсеткен өлмес ерліктері. Комсомол партиясы өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеуде үлкен күш берген. Бағыт берерлік, ұйымдастырушылық функцияларын атқарған комсомол жастар арасында беделді болған. Айта берсен басқа да көптеген жасалған игі істер көп. Бұл тың және тыңайған жерлерді игеру, жастар жиналатын Байқал-Амур магистралінің құрылысы. Барлығын ениншіл Коммунистік Жастар Одағының 100 жылдық мерейтойымен құттықтаймын!» деп жазған Сауле Турганкулова атты желі қолданушысы.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау