Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның қай өңірі тойбастарға көп ақша жұмсайды?

Соңғы кезде тойбастарға қатысты түрлі салт-жоралғы жасалып жүріп. Бірі оған шашылуды жөн көрсе, енді бірі оны балмен алмастырып жатыр. Ал дастарханда тұрған тойбастарға талас жүргізген қаншалықты дұрыс? Қазақстандық асабалар мен психолог мамандар осы сұрақ төңірегінде пікір-талас жүргізді.

toybastar-4

Фото: Василий Хименко

Бұл туралы “Пендеміз ғой” бағдарламасында айтылды.

Елордамыз Астанада тойбастардың орташа бағасы – 8 000 теңге. Ол – қымбат орамалдар, тәттілер мен тойбастардың маңызды сыйлықтары. Орал қаласында тойбастар деген түсінік енді қалыптаса бастаған. Орташа бағасы – 4 000 теңге. Үстел басына 6 ер азаматқа тақия, 6 әйелге орамал, тарақ және айна таратылады. Тойбастардың өзін ашқан адам алып кетеді. Оңтүстік өңір бұл салтты жақсы ұстанады. Қонақтарға деген ілтипаттарын тойбастардың көлемімен дәлелдейді. Ішіне әдеттегі сыйлықтар салынады. Бір үстелге арналған тойбастардың орташа бағасы 10 000 теңгені құрайды. Орталық Қазақстанда бір үстелге арналған тойбастар бағасы – 7 000 теңге. Көбінесе сыйлықтар үлкен болып келеді. Өскемен қаласының тұрғындары тойға көп шашыла бермейді. Бір дастарханға арналған тойбастар бағасы 3-4 мың теңгені құрайды.

«Тойларда тамада болып жүргеніме 27 жыл болды. Тойбастар дегеніміз – қазақтың салт-дәстүрі. Қазір түрлі агенттіктер креативті жаңалықтар енгізіп жатыр. Солар қазақтың салт-дәстүрінің быт-шытын шығарды. Мысалы, бұрын әжелеріміз тойбастарда әндерімен айтып шығаратын. Қазір түрлі биші мен жігітті шығаратын болды. Тойбастар келе жатса, ортада бишілер заманауи би билеп жатады. Бұрын әжелеріміз тойбастарды «Мынау саған құдағи», «мынау саған келінім» деп тарататын. Қазір ол жоқ. Тойбастар ашыла салысымен, талас басталады. Меніңше, тойбастарды әулеттің үлкен құда-құдағиына немесе ата-әжесіне өлең айтқызып ашқызған дұрыс. Әдетте менің талаптарымды тыңдамайды. Қазір салт-дәстүрді білмейтін жеңгелеріміз бар. Не өздері білмейді, не білетіндерді тыңдамайды. Мен бұл нәрсені осы уақытқа дейін талай рет айттым. «Біз ақшаны төлеп отырмыз. Қалай айтамыз, солай болсын» деп қысқа қайырады», – дейді Қажет Смағұлов.

Күлзия ханым жуырда қызын ұзатып, келген қонақтарды ерекше тойбастарымен таң-тамаша еткен. Ол тойбастардың орнына бір-бір кесе бал қоюды жөн көріпті.

«Мен жуырда қызымның ұзатуын өткіздім. Тойбастардың ішіне екі жастың өмірі балдай болсын деген ниетпен бал қоятынбыз. Тойға 300 адам шақырдық. Шамамен дастарханға 350 бал қойдық. Тойдағылар қатты таңғалды. Тойхананың дастарханы мен пердесі, қызымның көйлегі мен балдың сырты бір түсті болды. Шынысын Ресейден, балды Өскеменнен алдырдық. 40 кг балды 200 мың теңгеге алдым», – дейді Күлзия ханым.

Психолог маман Венера Тельжан мұны ысырапшылыққа балап отыр. «Адам баласының жаны еліктегіш келеді. Барған сайын жаңа дүниені көргісі келіп еліктей бастайды. Менің ойымша, мұның барлығы артық дүниелер. Оның үстіне ысырап, артық нәрсе. Бұрынғы кезде ата-бабаларымыз қонаққа барып, қызға қажетті дүниелерді берген. Сіздің 200 мың теңге ғана жұмсағаныңыз жақсы болған. Кей адам тойбастарға ақшасын миллиондап шашады», – дейді ол.


Жіберіп алмаңыз:

Американдық азамат қазақтың ұлттық ойындарын ойнап жүйке ауытқуына ұшырады (видео)

Қазақстанда құрылысшылар жаңа үйге жұқалтыр қағаздан есік салған (видео)

Сапарбаевқа бие сүтінен жасалған шоколад сыйға тартылды

Алматы-Ташкент жүрдек пойызы бірінші рейске аттанды

Талқылау