Қазақстанның қай қаласында қыздар саны жігіттерден көп

Алматы, Қостанай, Астана қалаларында 20-30 жас аралығындары қыздар жігіттерден көп, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 20-30 жас аралығындағы ерлердің саны көп қалалар белгілі болды.

Ақтауда 100 әйел 100,5 ерге тең келеді. Екінші орында Қызылорда қаласы. 100 әйел 100,4 ерге тең. Атырауда 95,5 жігітке, Таразда 34,8 жігітке, Талдықорғанда 94,1 жігітке, Қарағандыда 92,6 жігітке тең. Ал, Оралда 100 әйел 92,6 ерге, Көкшетауда 91,5 жігітке, Павлодарда 90,9 жігітке, Шымкентте 90,4, Өскеменде 90,1, Петропавлда 89,9, Ақтөбеде 89,3, Астанада 87,9, Қостанайда 86,9, Алматыда 81,1 жігітке тең келеді.

Тәуелсіздік жылдары ел халқы 2 миллион адамға өсті. Халықтың өсу қарқыны (2018 1 қарашада) 12 пайызды құрады.

Елде 8,7 млн адам өмірге келді. Оның ең көбі 2016 жылы туған. Саны 400,6 мың адам. Жыл сайын әрбір жетінші бала Түркістан облысында өмірге келеді.

1992-2017 жылдар аралығында халықтың орташа өмір сүру ұзақтығы ерлер арасында 62 жастан 68, 72 жасқа өсті. Әйелдер жасы 72,3 жастан 76,92 жасқа өсті. Әйелдер мен ерлердің өмір сүруінің уақыт аралығы 1992 жылы қатысты 9,8, 2017 жылы 8,2 жасты құрады.

Ең ұзақ өмір сүру бойынша Астана қаласы көш бастап тұр. 2017 жылы ерлер арасында 72,50, әйелдер арасында 79,24 жасты құрады. Ал, ең төменгі көрсеткіш Ақмола облысында. Ерлер арасында 66,19, әйелдер жасы 75,36 жасты көрсетті.

2018 жылдың басында Оңтүстік Қазақстан облысында 25 жасқа дейін 1,6 млн адам тіркелді. Бұл жастағылар Алматы мен Алматы облысынан өзге еліміздің 13 аймағында халықтың көп бөлігін құрайды.

2018 жылдың басында аймақ арасында халқы арасында егде жастағылар көп аймақ деп Солтүстік Қазақстан облысы  аталды. Халықтың 17,95 пайызын зейнет жасындағылар құрады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
21.01.19
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар