Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның қай аймағында ішімдікті көп ішеді

Қазақстанның әр аймақ тұрғындарының қанша ішімдік ішетіні белгілі болды, деп хабарлайды КТК.

Фото: Алексей Куденко

Finprom сарапшылары өткен алты ай ішінде әр аймақ тұрғындарының қанша ішімдік ішкенін анықтады.

Тізімде Ақмола облысы көш бастап тұр. Бұл аймақта әрбір 15 жастан асқан азаматтың бір жылда 6 литр ішімдік ішетіні анықталды. Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары олардан 100 грамм аз ішетін болып шықты. Үштікті Қарағанды облысының тұрғындары аяқтайды. Олар жылына 4 литр 900 миллилитр ішеді.

Алкогольді ең аз ішетін аймақ – Оңтүстік Қазақстан облысы. Бұл өңір тұрғындары ішімдікті былтырғы жылы Ақмола облысымен салыстырғанда 20 есе аз тұтынған. ОҚО-да әр адам басына шаққанда жылына 300 грамм ішімдік ішілетіні анықталды.

Дүниежүзі денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, әрбір қазақстандық жылына 8 литр 700 миллилитр ішімдік ішеді.

Тағы да оқыңыз:

ОҚО-да ер адам көңілдес болудан бас тартқан отбасылы келіншекті өлтіріп, денесін өртеп кеткен

Ата-анасы рұқсатсыз некелескен қыз бен жігітті бауыздап өлтірді

ШҚО-да 8-сынып оқушысы 4 жасар баланы зорлады

Талқылау