Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның қасиетті жерлері туралы фильмдер БҰҰ-ның негізгі 6 тілінде көрсетіледі

Қазақтың киелі жерлері туралы көркем және деректі фильмдер жасалып, бірнеше тілге аударылып, халықаралық деңгейдегі телеарналардан көрсетіледі. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Ақтоты Райымқұлова айтты.

 

“Бүгінгі таңда еліміз бен шетелдерде көрсетуге арналған бірнеше фильм түсірілді. Соның ішінде 4 фильм өндірісте. Осы төрт фильм Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше елдердің 6 тіліне аударылатын болады”, – деді вице-министр.

Оның айтуынша, күрделі ғылыми-зерттеу негізіндегі үш циклдан тұратын екі деректі фильмнің түсірілімі аяқталған.

“Қазақстанның киелі жерлерінің тізіміне енетін орындарды насихаттайтын фильмдердің халықаралық деңгейдегі телеарналардан көрсетілетіндей жұмыс істеліп жатыр. Оның ішінде «Жұбан ата кесенесі», «Қорқыт ата кешені», «Шерқала» секілді орындар туралы фильмдер шетелдік көрерменге жол тартады. BBC WorldNews атты телеарнада «Қожа Ахмет Яссауи», «Айша Бибі» кесенелері мен «Алтын адам» атты деректі фильмдер аяқталып, оларды 451 миллион көрермен көре алады”, – дейді Райымқұлова.

Сонымен қатар, Голливуд актеры Марк Дакаскостың қатысуымен «Кастел» компаниясы түсіріп жатқан «Көшбасшылар елі» деректі фильмінің түсірілімі аяқталды. Қазіргі таңда халықаралық деңгейде көрсетуге болатындай келіссөздер жүргізіліп жатыр. «Күлтегін» туралы да деректі фильм жақында жарыққа шығады.

Тағы оқыңыз: 

Енді жіберілген хабарламаны “ВКонтакте” желісінде де өшіруге болады

Ләйлә: «Жұлдыздарды» жеке өмірі үшін көрермені сынаса, олар түзеледі

Сәкен Майғазиев “тұсау кескенге қыруар қаржы алады” деп сынағандарға жауап берді

Талқылау