Қазақстанның Ғылым академиясы Шыңғысханды түркі деп мойындады

Жұма, 22 Қаңтар , 2016 13:35

ҰҒА президенті, академик Мұрат Жұрынов, бұл пікірге ғалым Тілеуберді Әбенайұлының терең зерттеулерінен кейін келген.

nqbhvX0w1mzoJERA-lg

Бұл туралы Нұротау хабарлайды.

“Бұрын да мил­лион­даған адамы бар түрік әлеміне шағын ғана әлсіз моңғол жұртынан шыққан адам­ның хан болуы түсініксіз және шын­дыққа ұласпайтын жай болатын. Хан тек қана күшті елден, күшті тайпадан шыққан. Шыңғыс ханның туған жері, өскен өлкесі Бұрқан және Түрген деген жерлерді қазіргі Моңғолия аумағынан да, солтүстік Сібір өлкесінен де таба алмайсыз. Ол жақта он­дай жерлер бұрын да, беріде де болмаған. Керісінше, дәл сол Бұрхан мен Түрген де­ген жер-су аттары Жетісу жерінде ежелден бүгінге дейін бар. Біз осындай дәлелдерге көңіл аудардық, бұл зерт­теудің бастамасы деп ойлай­мын”, – дейді Жұрынов.

Әйтсе де, мұны моңғол ғалымдарымен де бірге талқылау керек, дейді академик. Назар аударатын жәйт, Шыңғыс ханның кеңселік құжаттары моңғол емес, түрік тілінде жүргізілген.

“Шығыс ханның өзі түрік тілінде сөйлегені тарихтан белгілі. Моңғол ғалымдары Шың­ғыс ханды өз­дері­нің бабасы ретінде есептей берсін. Бірақ шындықтың есігін ашып қоюымыз керек. Шың­ғыс ханды түркі әлемінің кө­семі ретінде тануға келісуге тиіспіз. Шың­­ғыс хан – Алтай, Балқаш, Алакөл өңірінде өмір сүрген адам. Қазіргі Моңғолияның аумағында тұрмаған. Осыны ғалымдары­мыз дәлелдеп, мойындату керек. Бұл тез арада шешіле қоятын мәселе емес. Зерт­теу­ді әр түрлі тәсілдермен ары қарай жал­ғас­тыра беру керек”, – деп атап өтті ҰҒА президенті.

Дулатидың, Бичурин­нің еңбектері­нің бір жерінде Шыңғыс ханның түрік тілінде сөйлегені, мұсылман дінінде болғаны, бір баласының ораза тұт­қаны, бір немересінің аты Мұхаммед бол­ғаны айтылып ке­те­ді. Академик, моңғолдарда Мұхам­­мед деген есімнің де жоқ екенін алға тартады.

Алдағы уақытта ҰҒА-ның президиум мүшелері бұл тақырыпты әрі қарай да терең зерттеу керек деген қорытындыға келіпті. 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
27.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар