Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның ережесіз жекпе жек чемпионы сирек кездесетін ауруға шалдықты

Қазақстанның ережесін жекпе жек чемпионы Мақсат Өміртаев аутоиммунды жүйке ауруына шалдықты. Спортшы көпшіліктің жинаға қаражатының көмегімен дер кезінде ем қабылдап үлгерді.

Аутоиммунды жүйке ауруы – бұлшықет әлсіздігі. Адам сатыдан жоғары шыға алмай, қолын жоғары көтере алмай қалады. Ауру 20-40 жас аралығындай пайда болады. Ауру адам туғаннан да пайда болуы мүмкін.

Қазақстанның ережесіз жекпе жек чемпионы Мақсат Өміртаев осындай ертке шалдыққан. Жас споршы көп уақыт күшін жаттықтырып, күресіп келді. Алайда денсаулығы нашарлаған соң қымбат ем алуға тура келді ол үшін 900 мың теңге қажет болды.

Ережесіз жекпе жек федерациясының басшысы Асылбек Дүйсеновтің айтуынша, тез арада спортшынң еміне қаражат жинап үлгерген.

“Алдағы уақытта тағы ем алу керек. Қанша ақша жұмсалатынын білмеймін. Көмек көрсеткен әрбір адамға алғыс айтамыз. Аллада неселеніп қайтсын. Мақсаттың анасы әрқайсыларыңызға алғысын айтуда”, – дейді ол ЕЖЖ ресми сайтында.

Мақсат Өміртаев Теміртау тумасы. Қазір 25 жаста. Орта салмақта күрескен. 2015 жылы спорт мансабын бастап, WEF мен JFC жарыстарына қатысты.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау