Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның ең үздік таэквондошысы Рио олимпиадасына қатыса алмайды

Таэквондодан Қазақстан құрамасының үздігі, халықаралық жарыстардың жеңімпазы Нұрсұлтан Мамаев (58 келі) Рио олимпиадасына берілер жолдаманы иелене алмады.

ф

Сурет liter.kz

Спортшы Азиялық іріктеу турнирінде 17 жастағы Тайландтық спортшы Тавин Ханрабтан жеңіліп қалды. Рио олимпиадасының жолдамасына қол жеткізу үшін финалға дейін шығуы қажет еді.

Төрт жылда бір келетін дүбірлі додада Қазақстан атынан Айнұр Есбергенова, Руслан Жапаров, Джансель Дениз сынды спортшылар қатысып, ел намысын қорғайды.

Нұрсұлтан Мамаев 1993 жылы 27 маусымда дүниеге келген. Жасөспірімдер олимпиадасының күміс жүлдегері (2010), Лондон олимпиадасының қатысушысы (2012), Азиада ойындарының күміс жүлдегері (2014), Бүкіләлемдік әскерилер турнирінің жеңімпазы (2015), басқа да халықаралық гран-при сайыстарының бірнеше дүркін жеңімпазы деген толағай табыстардың иесі.

Талқылау