Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның ең үздік шаштаразшысы анықталды

World skills Almaty 2016 жас шаштаразшылар байқауының жеңімпазы атағына Қанат Әбдірайымов қол жеткізді. Оның жасаған төрт образы да жоғары баға алған. Белгілі қазақстандық стилистер қанатты отандық сән индустриясының жаңа жұлдызы деп санайды.

4224

Суреттер ©ЭК/Андрей ХАЛИН

Бұл туралы Экспресс К басылымы хабарлайды.

World skills халықаралық конкурсы бірнеше кезеңнен тұрады. Әуелде турлар әлемнің әртүрлі қалаларынан басталып, жеңімпаз атанғандар әлемдік сынға жолдама алады. Ұйымдастырушылар конкурсқа өте қатал шарттай қойған: алты сағаттың ішінде екі шаш қию жұмысы мен екі кешкі сәндеу жұмысын тапсыруы керек.

Жұмыс біткеннен кейін, модельдер адам танымастай өзгеріп шыға келді. Әртүрлі образда жарқыраған төрт қыз – Мәншүк Үкісаева, Дина Даербекова, Виктория Коробкина және Анастасия Кирсановалар көрерменді тәнті етті. Алайда сахнада Қанат Әбдірайымов сәндеген Викория Белягина өзгелерден оқ бойы озық тұрды.

“Мен Қанаттың бүгін жеңімпаз атанатынына күмәнданған жоқпын. Ол туа бітті талант, сондықтан оған ешкім тең келмеді. Ол сұлулықты керемет шешімдерімен жетілдіре алады. Халықаралық финалда Қазақстанның атын шығаратынына сенеміз”, – дейді Виктория.

Әбдірайымов Алматы мемлекеттік сервиз және технология колледжінде оқиды. Бірақ, оның денсаулығында есту және сөйлеу бойынша кінәрат бар. Әйтсе де арманына жету жолында барлық кедергіні жеңіп шығуға дайын.

111 222 333 777  4444

Талқылау