Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның ең сүйкімді волейболшысы 20 жасын атап өтті (фото)

Тек қазақстандықтардың ғана емес, шетелдіктердің де жүрегін жаулап үлгерген Сәбина Алтынбекова өзінің 20 жасын атап өтті.

14709702_362362470776813_2548864649802022912_n

Фото: instagram.com/altynbekova_20/

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Сәбина Алтынбекова 1996 жылдың 5 қарашасында дүниеге келген. Естеріңізде болса, ол 2014 жылы күтпеген жерден халықаралық деңгейдегі танымалдылыққа ие болған еді. Оны шетелдік басылымдар 2014 жылы Тайваньда өткен турнирде байқап қалған болатын. Осыдан кейін оның желідегі парақшаларында достарының саны артты.

14726380_337788966576733_5895182521766772736_n

14712025_1797269603883891_3736411248741318656_n

Оның биылғы туған күн кеші Алматы қаласындағы қымбат мейрамханалардың бірінде өтті. Оны клубтағы достары мен спорт әлемінің танымал тұлғалары құттықтап келді.

14676780_1018250558286143_2786479811327950848_n

“Барлығыныздың қолдауларыңызға және жылы тiлeктерiңiзге рахмет! Маған тiлегендерiңiз өздерiңiзге екi есе болып қайтсын”, – дейді Сәбина Алтынбекова.

14726288_1883978748491900_9214772765003874304_n

14736184_624825137707754_173956766877351936_n

2015 жылы ол Жапон волейбол клубына ауысқан болатын. Осы жерде тәжірибе жинап, артынша оны отандастарымен бөлісті. Ағымдағы жылдың наурыз айында ол “Алматы” клубына қайта оралды. Бүгінде оның инстаграм парақшасында жарты миллоннан астам досы бар.


Жіберіп алмаңыз:

Жанар Айжанова: Кешеден бері Тұңғышбай ағадан ұялып жүрмін

Аша мен Арман қыздарының есімін Асылым деп қойды (видео)

Гүлнұр Оразымбетова: Кім айтты менің жолдасым көрінбейді деп?

Жазира: Жанболаттан таяқ жедім. Өзімнің тілімнен таптым

 

Талқылау