Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Бүгін Қазақстанның бірнеше өңірінде, соның ішінде Астана мен Ақмола, Қостанай, Атырау облыстарында дауылды ескерту жарияланды.

Қазақстанның бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Бұл туралы РМК «Қазгидромет» хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

4 тамызда Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл соғып, бұршақ жауады деп күтілуде. Күндіз кей жерлерде оңтүстік-батыстан соққан жел, солтүстік-батысқа ауысады. Желдің ырғағы 15-20 м/с дейін күшейеді. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі.

Ал, Астана қаласында күндіз найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соққан жел, солтүстік-батысқа ауысады, желдің екпіні 15-20 м/с болады деп болжануда.

Сонымен бірге, Көкшетауда да бүгін күндіз найзағай күтіледі.

Қолайсыз ауа-райы Қостанай облысында да болады. Кей жерлерде найзағай соғып, солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні найзағай кезінде15-20 м/с болады деп күтіледі.

Сондай-ақ, Атырау облысының кей жерлерінде күндіз найзағай, дауыл болады деген болжам жасалуда. Солтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-шығысқа ауысып, 15-20 м/с дейін күшейеді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау