Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның бірнеше облысында сабақтар тоқтап қалды

Қатты аяздың беті қайтпай, еліміздің бірқатар өңірлерінде күннің суытуы салдарынан тағы да мектептерде сабақ тоқтатылды. Синоптиктер мұндай ауа райы сәрсенбіге дейін жалғасады деп отыр. Бұл туралы КТК хабарлайды.

db59d024-cb0e-42f8-8f4c-082e09f2e23d

Бұл күндері еліміз бойынша ең төмен температура Шығыс Қазақстанда тіркелді. Таңертең бұл облыста ауа райы -39 градусқа дейін суытты. Қатты аяздан жергілікті жылу-электр стансасындағы бірнеше қазандық істен шыққанымен, шығыстағылардың бағына орай тез арада жөнделіпті.

Сондай-ақ, өңірдің мектеп және колледж оқушылары үшін кезектен тыс демалыс уақыты ұзартылды. Ал Астана қаласы мен Петропавл, Қарағанды облыстарында таңертең термометр -29 градусты көрсеткен. Бұл өңірлерде 1-ші және 9-шы сынып аралығындағы оқушылар мектепке барған жоқ.

“Бүгін оқушылардың тең жартысы жоқ. Сабақ болмайды дегенімен мектепке келген балаларды кері қайтармай, қалдырып оқыттық. Оларды ата-аналары көлікпен әкеліп, әкетіп жүр”, – дейді Петропавлдағы № 2 мектеп директорының орынбасары Юлия Инютина.

Оқи отырыңыз:

Бүкіл Қазақстанды алдаған “жалғызбасты әке” отбасын тастап кетті

Бойжеткен несібесін арттырған екі тоқаш жайлы әңгімесін айтып берді

5 жасар ауыл баласы елбасыға үндеу жолдады (видео)

Синоптиктер алдағы уақытта Қазақстанның басым бөлігінде күн жылынатынын болжады

Талқылау