Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның бірнеше облысында бұршақ жауады деп күтіледі

Қазақстанның басым бөлігіне фронтальды бөліктер әсер етеді, сонымен байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр найзағаймен күтіледі, екпінді жел болып, бұршақ жаууы мүмкін.

2366065

Фото: Наталья Селиверстова

Бұл туралы Қазгидромет хабарлайды.

Ақмола, Алматы, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін. Жамбыл облысының кей жерлерінде жел 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с болады, бұршақ жаууы мүмкін.

Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с, күндіз екпіні 23 м/с болады. Қызылорда, Павлодар, Қостанай, күндіз Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Қызылорда облысында шаңды дауыл болады, Қостанай облысының түнде кей жерлерінде тұман күтіледі. Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.

Оқи отырыңыз:

Алматыда із-түссіз жоғалған 22 жастағы жігіт іздестіріліп жатыр

Қазақстандықтар Астана күніне төрт күн демалады

2018 жылдан бастап жәрдемақы кімге беріледі және қаншаға өседі?

ЭКСПО қарсаңында Астанада қонақ үй мен жалға берілетін пәтер құны шарықтап шыға келді

Талқылау