Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның бірқатар өңірінде қатты жел соғып, көктайғақ болады

Республиканың кей жерлерінде тұман, желдің күшеюі күтіледі, солтүстікте көктайғақ болады.

03b2f8d1-254e-4207-91a5-ca1fd3bf3f5e_1

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның  барлық  аймақтарында тұрақсыз ауа райы сақталады, жауын-шашын күтіледі, оңтүстік-шығыстың кей жерлерінде қатты жаңбыр жауады, деп хабарланады ҚР ІІМ ТЖ комитетінің сайтында. Солтүстік  Қазақстан облысында  жел 15-20 м/с күшейеді,  кей жерлерінде желдің екпіні 23м/с болып, жекелеген аудандарында көктайғақ болады.

Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, күндіз Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе  облыстарының кей жерлерінде жел 15-22 м/с күшейеді. Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман болып, жел 15-20 м/с күшейеді.

Талқылау