Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның белгілі композиторы Әліби Мәмбетов 57 жасында өмірден озды

15 желтоқсанда Қазақстанның танымал сазгері Әліби Мәмбетов 57 жасында дүние салды. Ол режиссер әрі педагог ретінде де белгілі.

Әліби Мәмбетов

Бұл туралы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Композитордың өмірден озғанын ҚР мәдениет және спорт министрлігі растады. Мәдениет қайраткерінің өлімінің себебі аталған жоқ.

Әліби Мәмбетов – Ғазиза Жұбанованың ұлы, ұлы композитор Ахмет Жұбановтың немересі.

Ол кинодағы және театрдағы жұмыстарымен де танылды. Оның туындыларын «Сиқыршының қуыршақтары» картинасынан,  «Қадірдің бақыты» мультфильмінен және  театрдың 30-дан астам қойылымынан естуге болады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау