Қазақстанның басым бөлігінде тұман түсіп, бұрқасын, көктайғақ болады

Сенбі, 26 Желтоқсан , 2015 8:30

Қазақстанның барлық аймақтарында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа-райы сақталады, республиканың кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ, жел болады.

544164755

Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметінен хабарлады.

Ақмола облысында түнде жел 15-20, екпіні 25 м/с күшейеді, кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ болады.

Алматы облысының Жалаңашкөл маңында жел 17-22, күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді.

Жамбыл облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ, жел 17-22, күндіз екпіні 23-28 м/с болады.

Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с, екпіні 23 м/с күшейеді, бұрқасын күтіледі.

Қызылорда облысында тұман, көктайғақ байқалады, кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде тұман, көктайғақ болады.

Түнде Маңғыстау облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, көктайғақ болады.

Ақтөбе облысында кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ болады, түнде жел 15-20, кей жерлерде екпіні 25 м/с күшейеді, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с болады.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с күшейеді.

Қарағанды облысында бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с, кей жерлерде екпіні 25 м/с күшейеді, кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
29.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар