Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның барлық театрларында жемқорлық тақырыбында спектакльдер қойылмақ

Қазақстанда 30 астам қоғамдық ұйым халықтың бойында жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің келісіміне қол қойды.

театр

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Бұл туралы бүгін Астанада ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Саян Ахметжанов мәлім етті.

«Біз бірге әріптестіктің түрлі тетіктерін талдадық, жемқорлыққа қарсы істе мемлекет пен азаматтық қоғамның ықпалдастығы бағытында халықаралық тәжірибенің ең үздігін зерттедік және ең тиімдісін таңдап алдық. Нәтижесінде біз әріптестік туралы ашық келісімге қол қойдық. Бүгінгі күні оған республикалық және жергілікті деңгейдегі 30 ұйым қосылды», – деді ол Орталық коммуникациялар қызметінде өткен дөңгелек үстелде.

Саян Ахметжановтың айтуынша, ашық келісім жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар бағытындағы азаматтық қоғамның идеяларын жүзеге асыруға үлкен мүмкіндіктер береді.

«Мысалы, мәдениет қайраткерлері елдің барлық театрларында жемқорлыққа қарсы мәдениетті және мемлекеттік қызмет имиджді қалыптастыратын спектакльдерді қоюды ұсынды. Сонымен қатар жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбындағы кітап пен кино қорын құру туралы ұсыныстар да көңілге қонымды идеялардың бірі. Ғылыми зерттеулер өткізу жөнінде бастамалар көтерілді», – деп атап өтті агенттік өкілі.

Талқылау