Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның азаматы студенттер арасындағы бокстан әлем чемпионы атанды

Қазақстандық Абай Қуандықов Ресейде бокстан өткен әлем чемпионатында жеңіске жетті. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Қалмықиядағы сайысқа 22 ел, жүзден аса боксшылар қатысты.

Бірінші жекпе-жегінде Абай Қуандықов ресейлік қарсыласы Богдан Шишкинді 3:2 есебімен жеңді. Екінші кездесуінде жапондық боксшы Накагаки Рутароны  5:0 есебімен ұтып, финалға шықты.

Ақтөбе облысының тұрғыны Абай Қуандықов финалда тайпейлік  қарсыласын  5:0 есебімен жеңді.

Студенттер арасындағы әлем чемпионаттарында қазақстандық боксшылар он үш рет алтын иеленген. Абай Қуандықовтың жеңісі ел қоржынын он төртінші медальмен толықтырды. Студенттер арасындағы чемпионатқа қаытсқан танымал боксшылардың қатарында 2008 жылы Пекинде өткен Олимпиада ойындарының жеңімпазы Бақыт Сәрсекбаев пен 2014 жылғы Азия ойындарының чемпионы Антон Пинчук бар.

Талқылау